Оқи отырыңыз

...Сауат ашумен қатар үйренуге міндетті дисциплина – ақпараттық талғам мен гигиена.

Автор: Айдос Сарым

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 9 МАМЫР 2012 / 9 мамыр. Мәдина Ысқақова - батыр ұшқыштың серігі. 2-бөлім

9 мамыр. Мәдина Ысқақова - батыр ұшқыштың серігі. 2-бөлім

9 мамыр. Мәдина Ысқақова - батыр ұшқыштың серігі. 2-бөлім

Бірінші бөлім

Аты аңызға айналған ұшқыш Иван Кожедубтың борт-механигі болған қазақтың қызы Мәдина Ысқақова жайлы үлкен қызы Серік Ысқақова сыр шертеді:

"Бірде ұшқыштар жауынгерлік тапсырманы орындауға кеткенде неміс ұшақтары аэродромға шабуыл жасайды. Зеңбірекшілер қорғануға үлгермейді. Неміс бомбалары болса, бірінен соң бірі тасталып жатады. Сол кезде анам бір зеңбірек ұясының үн-түнсіз қалғанын көреді. Жақындап барса, барлығы мерт болып, бір ғана солдат домаланып жатыр екен. Бірақ, оның екі аяғы тобықтыдан кесіліп кеткен. Анамды көрген бойда ол: «Қарындас, мен енді қажетке жарамаспын. Мені одан да атып таста. Осы жерде қалайын. Ат мені, қарындас, мен енді адам болмаспын» депті. «Неге атамын, ағатай?! Біз бейбіт өмір үшін жанталасып жатқан жоқпыз ба?» деп менің анам басындағы жібек орамалын шешіп, жаралы солдаттың қан атқылап жатқан екі санын буып, таңып тастайды. Кейін жаралы жауынгер госпитальге түсіп, ризалығын білдіріп анама хат жазып жіберіпті. Ол хат әлі күнге дейін сақтаулы.

Мәдина Ысқақованың үлкен қызы Серік пен күйеубаласы Қайыргелді

Анамды соғысқа сынып жетекшісі Бибінұр Сыздықова шығарып салған. Мен 9 сыныпта анамның оқыған мектебіне оқуға қабылдандым. Жаңа оқушы екенімді біліп, менің тегімді көрген мұғалім бірден өңі бұзылып кетті.

-         Ысқақова деген кім?

-         Мен.

-         Атың кім?

-         Серік.

-         Шешең бар ма? Аты кім?

-         Бар. Аты -  Мәдина.

-         Соғысқа қатысқан ба?

-         Иә.

Сол кезде бүкіл сыныптың ішіне мұғалім айқай салып жылап жіберіп, мені бас салып құшақтады. Маған 3 сом ақша беріп: «Қазір ауылға үйіңе қайт. Ертең таңертең анаңмен бірге кел» деп бұйырды. Келесі күннің ертесінде анам екеуміз мектепке келдік. Қаншама жылды артқа тастап, мұғалім мен оқушы сол кезде көрісті. Бір-бірін құшақтап алып, еңіреп тұрып жылағандары әлі есімде. Ол мұғалімнің көзі тірі. Қазір Көкшетауда тұрады.

Анам соғыста жарақат алған. Тек оны еш жерге тіркеп, жазбаған. Жарасын таңып алып, ары қарай жұмысын істеп кетеді екен. Бір жарақатты басында болды. Кейінгі жылдары «басым ауырады» деп жүріп, өзіне тақия тоқып алып, соны орамал астынан киіп жүрді. Бір жарақаты сол аяғында болса керек. Ақсап жүрмесе де, сол аяғына ауырмасын деп мақпал жүн басып қоятын.

Гвардиялық полк атағын алған №240 авиаполктың құрамында болғанда, анам Молдавия елін фашист басқыншыларынан азат етуге қатысты. Прага, Будапешт, Вена, София т.б. қалалар үстіндегі әуе шайқастарына қатысады. Кеңес Армиясы жеңіске жеткенде анам Германияда болған екен. Үлкен ағасы Әбілқасым екеуі Кёнигсберг қаласына тұрақтанып қалады. Ағасының мамандығы зоотехник болған соң, ол кісі бір совхоздың директоры болып тағайындалады. Ал анам райкомға қызметке орналасады.

Бір күні тігін машинкасын тауып алып, ескі бір киімді жыртып жіберіп, соның матасын алып, өзіне киім тігіп алады. Сол киімді киіп жүрген кезде оны райком басшылығы көріп қалады. Келесі күні шақырып: «Ауданда тігін цехын ашу керек. Неміс қыздары іске жақын, соларды жина» деп бұйырады. Бригадир қылып үлкен неміс атайды қойыпты. Ол кісі шебер тігінші екен. Менің анам іс тігудің қыр-сырын сол кісіден үйренген екен. Кейін ауа-райы жақпай, ағасы екеуі қайта-қайта ауыра берген соң, олар елге қайтады.

1947 жылы аман-есен елге оралған кезде, жұрт оларды үлкен қошеметпен қарсы алады. Сол жылы Талғат Бигелдинов Жоғары Кеңес депутаты болып сайланады, ал анам болса, сол кісінің жанында жүріп, бірлесе қызмет етеді. Кейін анам Ақмола облысындағы әскери комиссариатта жұмысқа орналасады. Ағасы Көкшетауда жұмыс істеген соң, сол жерге қоныс аударады.

1949 жылы әкем Темірболат Махметовке тұрмысқа шығады. Екеуі совхозда еңбек етті. Анам сауыншы болып қана қоймай, ауыл қыз-келіншектерін жинап, тігін ательесін ашады. Олар әр түрлі үлгідегі әскери формаларды тіккен.

Әкем Темірболат та соғысқа қатысқан. Майданда болғанда тұтқынға түскені үшін қамауға алынған. Мен дүниеге келгенде анам әкемнің жағдайын көріп, келешекте маған зияны болмасын деп, өз тегіне жаздырып алған. Кейін дүниеге Бақыт пен Аягөз деген сіңлілерім келеді. Олар әкемнің тегін алған.

Анам «Ерлігі үшін» медалі, «Құрмет белгісі» орденімен т.с.с. басқа төсбелгілермен марапатталған. Көзі тірісінде өзі оқыған мектепте мұражай бұрышы ашылған. Өз қолымен мұражайға әскери бұйымдарын, аты жазылған қару-жарақтарын, төсбелгілерін т.с.с. жеке заттарын тапсырған еді. Өкінішке орай, бұл жәдігерлердің көбі қайта құру кезеңінде жоғалып кетті.

1985 жылы күз мезгілінде анам ауыр науқастан көз жұмды. Көкшетау облысы, Айыртау ауданының Бірлестік ауылына жерленді. Анам туралы көптеген телеарналар киножурнал түсіріп, газет-журналдар біраз мақалалар жазды. Еркеш Ибраһим «Қыз бен аспан» деп өлең жазса, Естай Мырзахметов «Арулар отты жылдарда» атты жинақта «Батыр самолетінің бапкері» деп жылы лебізін арнаған. Өмірінің соңғы күндері: «Мына кітап пен екі жүзікке ие бол» деп қолымдағы мына екі жүзік пен «Арулар отты жылдарда» атты жинақ-кітапты табыстап кетіп еді.

Сұрапыл соғысқа өз еркімен аттанған анамның еңбегінің бүгінде ескерусіз қалғанына қатты налимын. Ол кісінің құрметіне не ескерткіш қойылмады, не көше аты берілмеді. Бармаған жерім, баспаған тауым, қақпаған есігім қалмады. «Нұр-Отан» партиясына барып, Смаилов Алдан Зейноллаұлына хат жаздым. Ономастика комитетінің басшысы Нұртазин Мұхитке тілегімді айтып арыз жазып едім, ол кісі мені Астана қаласының тіл дамыту мекемесінің басшысы Асанқызы Оразгүлге жіберді. Арыз-құжаттарды көтеріп, Асанқызы Оразгүлге жолығып едім, ол кісі: «Қазір сіздің өтінішіңізді қабылдап, анаңыздың атымен көше атасам, басқа кісілер келіп: «Менің де ата-баба көшеме бер» деп талап етеді. Сондықтан да мына арызды қабылдамаймын» деп шорт кесті.

Тікелей ұрпағы ретінде, мен пәтер де, жер де сұрамаймын. Ақмола облысынан соғысқа кеткен жалғыз қазақ қызының құрметіне, тым болмаса, 10 метр көше атауын берсе немесе өзі оқыған мектепке есімін берсе деген тілегім бар.

Анамның көзін көрген кісілердің көбі бақилық болды. Менің тағы бір арманым - анамды қасына ерткен Талғат Бигелдиновпен кездесу. Мен ол кісінің телефонын тауып алып хабарлассам да, өзімен жеке тілдесе алмай жүрмін. Талғат атаның көзі тірісінде өзіне жолықсам деймін. Тіпті, кездесу үшін Алматыға баруға дайынмын".

2883 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 07 мамыр 2012, 12:46
Пікірлер
+0
07 мамыр 2012, 15:31

Батыр қызы қазақтың

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оралым, менің оралым!
Оралым, менің оралым!

Орал қаласының тарихы бай, өткені өнегелі, келешегі жарқын.

Философия қазақша пәлсапа ма?
Философия қазақша пәлсапа ма?

философияқазақша философияпәлсапа пәлсапа ғылым

Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы
Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы

Әйел затының жаратылысындағы ерік-жігердің мықтылығы

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Табысқа жетудің сыры неде?
Табысқа жетудің сыры неде?

Әрбіреуіміз өз қалаған салаларымызда табысқа жету үшін не істеуіміз керек?

Автор: Амине Қадыр

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...