Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 9 МАМЫР 2013 / 9 мамыр. Соғыстан келген хаттар

9 мамыр. Соғыстан келген хаттар

9 мамыр. Соғыстан келген хаттар

Ардақты оқырмандардың назарына соғыстан келген хаттар сериясы аясындағы материалдар легін ұсынамыз.

Назарыңызға ұсынатын алғашқы хат фашистердің қолына түсіп, жұмысқа жегілген 15 жасар Катяның әкесіне жазған хаты.

Ардақты менің мейірімді әкетайым!

Саған немістердің тұтқынына түсіп, хат жазып отырмын. Әкетай, сен менің бұл хатымды оқыған сәтіңде мен бұл дүниеде болмаймын. Сондықтан менің саған өтінішім бар, әке: неміс қанішерлерін жазала. Бұл сенің өлім аузындағы қызыңның соңғы сөзі.

Анам туралы бірер сөз айтайын. Оралған кезіңде, анамды іздеме. Оны немістер атып тастады. Одан сен туралы сұрағанда, неміс офицерлері оның бетінен қамшымен ұрды. Анам бұл басынуға шыдамай, былай деді. Мынау оның соңғы сөзі: "Сендер мені ұрып қорқыта алмайсыңдар. Менің күйеуім қайтып келіп, сендер секілді арсыз басынушыларды мына жерден қуып шығады". Бұдан соң, офицер анамның аузына оқ атты.

Әкетай, мен бүгін 15-ке келдім. Егер сен мені қазір көрген болсаң, танымай қалар едің. Мен қатты арықтап кеттім, көздерім үңірейіп, қолдарым құрғап, қиындыққа қалдым. Олар менің бұрымымды кесіп тастады. Жөтелгенімде, аузымнан қан ағады. Менің өкпемнен ұрып қинады. Есіңде ме, әке, 2 жыл бұрын мен 13-ке толған едім ғой. Менің туған күнім қандай жақсы өтіп еді. Сен сонда, әке, маған: "Қызым, барлығымыздың қуанышымызға орай бойжете бер", деп едің. Патефон ән айтып, құрбыларым мені туған күніммен құттықтап, сүйікті пионер әнін айтып еді.

Ал енді, әке, айнадан өзімді, жыртылған көйлегімді, қылмыскерге ұқсатып мойныма ілінген нөмірді, қу сүйек болған ап-арық денемді көргенде, көзімнен көлдей болып жас ағады. 15-ке келгенімнен не пайда? Ешкімге керек емеспін. Мұндағылардың көбі ешкімге керек емес. Аш-жалаңаш. Соңдарынан иттер еріп жүреді. Күн сайын біреуін алып кетіп, өлтіреді.

Иә, әке, мен неміс баронының құлымын. Шэрлон атты немістің киімін, еденін жуамын. Өте көп жұмыс істеймін, күніне екі рет лашықтың ішінде "Клара" және "Розамен" бірге отырып, тамақтанамын. Бұлар лашықтағы екі шошқа. Бұл сол баронның ісі. "Орыс шошқа болды, шошқа болып қалады", - деді. Мен "Кларадан" қатты қорқамын. Ол шошқа өте үлкен және сараң. Бірде асыма қол соза бергенімде, ол менің саусағымды тістеп алды. Мен отын сақтайтын бөлмеде сарайда өмір сүремін. Бөлмеге кіруге рұқсат етілмейді. Бірде үй шаруасымен айналысатын поляк қыз Юзефа маған бір тілім нан бергенінде, қожайын көріп қалып, оны әбден ұрды. Арқасынан және басынан.

Мен олардан екі рет қаштым. Бірақ екеуінде де мені аула сыпырушы іздеп тауып алды. Қайта оралғанымда барон менің көйлегімді жыртып, жатқызып алып тебетін. Есімнен айырыламын. Содан соң, үстіме бір шелек су төгіп, жертөлеге қамап тастайтын.

Бүгін бір жаңалық естідім: Юзефа қожайынның Германияға кетіп бара жатқандығын айтты. Өзімен бірге Витебщинадағы барлық тұтқындарды алып кететін сияқты. Мені де алып кетеді. Жоқ, мен ол қарғыс атқан Германияға бармаймын! Мен өзімнің туған жеріме жақын жерде өлуді дұрыс деп шештім. Немістің топырағында шірігенше, сол дұрыс. Мені бұл қорлықтан тек өлім құтқарады. Мен ары қарай бұл қарғыс атқан, арсыз, менің өмірімді тозаққа айналдырған немістердің құлы болғым келмейді. Менің соңғы сөзім осы, әке: Мен және анам үшін кек ал. Қош, мейірімді әкетайым, мен өлуге кеттім.

Сенің қызың, Катя Сусанина.

Менің жүрегім сезіп отыр: сен бұл хатты оқисың.

12 наурыз, Лиозно, 1943 жыл.

Аударған: Еркебұлан Қайрахан

Түпнұсқаны мына жерден оқи аласыздар

сурет: kstnews.kz

5295 3
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 04 мамыр 2013, 10:03
Пікірлер
+0
04 мамыр 2013, 12:36

:cry: қандай аянышты

+0
04 мамыр 2013, 15:47

:( ех осындай хаттарды оқысам үстіме суық су құйып жібергендей боламын

+0
04 мамыр 2013, 22:34

сол кездегі адамдар бүгін барда ертен жоқ немесе бір сағаттан кейін,аянышты(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...