Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 9 МАМЫР 2013 / 9 мамыр. Ордені қайда атамның?

9 мамыр. Ордені қайда атамның?

9 мамыр. Ордені қайда атамның?

Бой жетіп, ес жиғанша, көлеңкеміз көршілердің үйінде көлбеңдейтін. Бөтен үйде ойнап жүріп, төрлерінде ілініп тұратын жалтыраған бір әшекейлерге көзім түсе беретін. Ары өтсем де, бері өтсем де, солардың не екенін білгім кеп тұратын. Кейін ол мұратыма да жеттім: ол медаль екен. Өмірімде ондай зат көріппін бе?

Құрбымның атасы соғысқа қатысқан көрінеді. Атасы Отанға қайта оралғанда, кеудесіне осынша орден тағыпты. Оның бәрін кейін біліп жаттым. Соғыстың не екенін шала білсем де, сондай орденді өзімнің де үйімнен іздедім. Құрбым да өзімдей ғой. Әкесінен естіп алғанын мың қателесіп отырып маған жеткізді. Соғыс туралы алғашқы түсінігім сонда қалыптасты.

- Соғысқа барлық әкелер мен аталар қатысуы керек екен. Менің атамның әкесі де соғыста атысқан, - деді бір күні қатарлас құрбым. Көшеде кешқұрым жиналып алып, қолдарына таяқ ұстап «атысу» ойнайтын ағаларымды есіме алдым. Мұным соғыс туралы тағы да тереңдей біле түсуіме көмектескендей болды.

- Ал сенің атаң ше? Ол атыспаған ба? - деп сұрады бір күні басында артық арам ойы жоқ құрбым.

Ия, расында! Менің атам... Атам үйде отыр ғой. Жоқ, Жансая «атамның папасы» деді ғой. Ол сонда соғысқа бармаған ба? Осы ой әншейінде ойыннан кеш болмай оралмайтын мені үйге тез қайтарды. Теледидар тамға ентігіп кіріп келдім. Кешкі жаңалықтарды жібермейтін атам күндегідей теледидар алдында отыр екен.

- Ата, сіздің папаңыз қайда? – дедім. Атам алдымен «Сенде бәрі дұрыс па?» деген оймен маған бір қарап алды да, артынан сақалын жыбырлатып аз ғана жымиды.

- Менің папам жоқ, - деп үн қатты атам.

- Неге? Ол қайда? Менің папам – анаааау, - деп малға шөп салып жүрген өз әкемді нұсқадым, -  ал оның папасы – сіз! - дедім өзімше білгішсініп.

-Содан?  - деді атам бір нәрсеге миымның жетпей тұрғанын түсінгендей болып.

- Ал сіздің папаңыз жоқ па? – дедім. Атам көп ойланған жоқ.

- Қызым, ол кісі болған. Мен өзіңдей кезімде әкем бізден ұзаққа кетті, - деп атам маған түсіндіре бастады.

- Қайда? Соғысқа ма? – дедім мен оның сөзін қақ ортасынан бөліп тастап. Ол менің соғыс туралы білетініме таңданғандай түр танытты.

- Иә, қызым, - деді атам сұраққа жауап берген оқушыны марапаттағандай болып.

- Ура! Менің атам да соғысқа қатысқан екен ғой, - деп жүгіріп көршінің қызына қайта келдім. Атасының соғысқа қатысқанын, оның ордені көптігін айтып өзінше мақтанған құрбыма тура барып менің де атамның соғысқа қатысқанын тез жеткізгім келді.

Ал үйде әке мейіріміне қанып өспеген қарт атам қалды. Ол соғыс туралы естігенімде «уралап» жүгірген маған ренжіген де жоқ. Ол менің мына әлемде бейбіт күннің быт-шытын шығаратын осындай суық сөздің бар екенін білгенімді қаламады. Қаншама жарды сорлатып, қанша баланы боздатқан соғыс деген сөзге мен ерекше қуаныппын... Бәрін балалығыма жабамын ғой енді келіп.

Құрбыма естіген «қуанышымды» айттым.

- Сенің атаң да соғысқа қатысса, онда қане оның мынандайлары? – деп төрінде тізіліп тұрған атасының ордендерін саусағымен нұсқады. Мен тағы да ойландым. Мына соғыс тақырыбы барған сайын күрделеніп бара ма деймін ішімнен.

- Ата, онда папаңыздың Жансаяның үйіндегідей медальдары қайда? – дедім фашистің қолына түскен партизанды қинағандай. Атам бұл жолы қабақ түйді. Өзімнің ауыр нәрсе сұрап тұрғанымды сезіппін бе сол жолы?..

- Балам, ондай медальды тағуға жетпеді атаң. Ол соғыста өлді. Отаным деп кетіп, атаң оралмады ғой, құлыным, - деді ол менің кекілімді қайырып. Ол кезде «өлу» дегеннің де жай-жапсарын білмейтін мен атама ойлы көзіммен үміттене қарадым. Ол қазір түкпір тамға кіріп кетіп, сандықты ақтаратын сияқты көрінді маған. Сосын сол бөлмеге мені шақырып алып, атамның медальдарын көрсетсе екен деп күтіп тұрдым. Жоқ, ол өйтпеді.

Мен де қойдым. Жылтыраған көрші атаның медальдары қанмен келгенін де, соғыс деген сөздің ауыр екенін де мектепке барған соң білдім. Атамның мен сұрақтың астына алған кездегі ауыр күрсінісі соғыстың ызғары екенін де кітап оқығаннан соң ұқтым.

Бір күні мектепте осы тақырыпта шығарма жаздық. Жансая бұл жолы да атасының медальдары туралы әңгіме қозғады. Бірақ мен оған қызыққан да жоқпын. Үйге келген соң, соғыс туралы аз-маз білген ойларымды тізіп шыққан шығармамды атама оқып бердім. Ол менің маңдайымнан иіскеді.

- Ата, сенің папаң батыр ғой! – дедім мен сосын оның қолына су құйып жатып...

Автор: Ақерке Әбілхан

Сурет: www.lipetskmedia.ru

889 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 03 мамыр 2013, 16:14
Пікірлер
+0
03 мамыр 2013, 17:27

Жақсы екен!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...