Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 8 НАУРЫЗ 2013 / 8 Наурыз. Сценарий бойынша сөз салу

8 Наурыз. Сценарий бойынша сөз салу

8 Наурыз. Сценарий бойынша сөз салу

8 наурыз - қыз атаулыны мерекемен құттықтап қою ғана емес, сүйген қызыңа ерекше ілтипатыңды білдіріп, махаббатыңды сыйлайтын күн. Әлемде сүйіспеншілігіңді әдемі жеткізуге бағдар беретін түрлі әдістер толып жатыр. Шабыт пен жаңа ойға жетелейтін фильмдерде де режиссерлер шебер ұсынады. Солардың үздіктерін сіздермен саралап көрейік.

«Шынайы махаббат» («Реальная любовь») (2003)

Режиссер: Ричард Кертис


Ричард Кертистің бұл фильмінде махаббат көріністері жетерлік және сөз салу да көп. Алайда, Эндрю Линкольннің кейіпкері досына тұрмысқа шыққан Кира Найтлидің кейіпкеріне магнитофон және тақтамен келетін сәті – режиссердің үлкен тапқырлығы. Бұл сәт тек қыз атаулыны ғана емес, ерлерді де тамсандырмай қоймайтыны рас.

«Келіңіз, билейік!» Давайте потанцуем!») (2004)

Режиссер: Питер Челсом


Үйлі-баранды болған соң махаббат кетіп, тек сыйластық пен бауырмалдық қалады дейді. Алайда түрлі өмірлік жағдайлар кейде жан жарыңа деген махаббатты сезінуге, адалдығыңды ұғынуға көмектеседі. Биге қатысамын деп Джон Кларк (Ричард Гир) әйелінің көңіліне күдік ұялатып алады. Бәрін түсінемін деген Беверли (Сьюзан Сарандон) күйеуіне арнайы би смокингін сыйлайды. Ал Джон болса сол смокингті киіп, қолына гүл алып, Беверлидің жұмысына эскалатормен көтеріліп келе жатқан көріністі, сезімді сөзсіз жеткізудің шеберлігі десек артық айтпаған болармыз.

«Гарри Саллиді кездестіргенде» («Когда Гарри встретил Салли») (1989)

Режиссер: Роб Рейнар


Бұл романтикалық комедия 80-жылардың соңында өз жанрында үлкен төңкеріс алып келуімен көпшіліктің есінде қалды. Алайда, фильмдегі мына бір махаббат сөздері жүректі елжіретіп жіберері хақ: «Далада 22 градус жылы болса да тоңып жүретінің ұнайды! Сэндвичке тапсырыс беру үшін бір жарым сағат жұмсайтының ұнайды! Маған ашуланып қарағанда кеңсірігіңде пайда болатын кішкене әжім ұнайды! Жұмыс күнінің соңында костюміме сенің иісің сіңіп қалатыны ұнайды! Ұйықтарда тек сенімен сөйлескім келетіні ұнайды!» Неткен ғажап сөздер...

 «Мәскеу көз жасқа сенбейді» («Москва слезам не верит») (1979)

Режиссер: Владимир Меньшов

Гоша (Алексей Баталов) кетіп қалғанда «Ол міндетті түрде қайтып келеді!» - деп Вера Алентованың кейіпкерін құрбылары жұбатады. Және ол шынымен қайтып оралғанда Алентова: «Сені қанша ұзақ күткенімді білсең ғой...» деген мұң мен қуаныш, жылулық пен сабырлық, махаббат пен жұбанышқа толы сөздерді айтады. Ең қысқа әрі нақты сөз салу деп осыны айт.

«Шынайы махаббат» («Настоящая любовь») (1993)

Режиссер: Тони Скотт

Квентин Тарантино жазып, Тони Скотт түсірген бейбақ пен жезөкшенің оқиғасы әдеттен тыс эпизодтарға толы. Тіпті адам өлтіру көріністері де күлкілі түсірілген. Сәйкесінше, сезімін айту кадрлары да әдеттен тыс болары хақ. «Өлтірдім, мен сенің сутенеріңді өлтірдім!» - деп бірнеше минут бұрын «Санта-Барбара» қарап отырған Алабамаға (Патрисия Аркет) Клэренс (Кристиан Слейтер) абыржып айқайлайды. Әлгі көңілі босап, жылап жібереді. Кейін Клэренстың мойнынан құшақтап, «Сенің бұл ісің, сондай... әсерлі» дейді. Ең қатігез және де назды сөз айту.

«Кинг Конг» (2005)

Режиссер: Питер Джексон

Үлкен горилла жайлы ұлы фильм зеңгір үйдің төбесіндегі эпизодымен ғана бағалы емес. Иә, тап осы фильмде сұлу қыз (Наоми Уоттс) актер Макске (Эдриан Броуди) сырлы «Мен сені сүйемінді» айтады. Алайда Кинг Конгтың махаббатын үнсіз жеткізуі көрермендердің жүрегінде мәңгілік қалары сөзсіз. Ойран-топаны шыққан Нью-Йорк орталығы, жан-жақта үрей мен байбалам, ал осы астан-кестеңі шыққан көшенің ортасымен жеңіл көйлекте сұлу қыз келе жатыр. Бұл мезетті сөзбен жеткізу мүмкін емес, мұны көру керек, бұл махаббатты үнсіз жеткізетін керемет көрініс қана емес, бұрын-соңды пленкға түсірілген ең керемет эпизодтардың бірі.

«Махаббат бекеті» (1993)

Режиссер: Талғат Теменов

Қазақ кинематографиясында әзірге ең үздік бұл романтикалық мелодраманы көрмеген бірде-бір қазақ жоқ шығар. Фильмде романтикалық сәттер өте көп, сезім білдіретін көріністер де. Солардың бірі қыс мезгілінде Оралдың Гүлназды үйіне шығарып салғандағы жері: "Гүлназ, мен сені сүйемін. Нан ұрсын! Түф, нанның не қатысы бар? Мен саған үйленемін! Тіпті Жеңіске күйеуге шықсаң да, сені үйлену тойыңнан ұрлап әкетемін. Елдер не десе де, о десін, тек сен қасымда болсаң болғаны. Гүлназ, біз бірге болуымыз керек, әрқашан!" Шынайы сөздер, шынайы сезім, тіпті жан айқай... 

Әлбетте, сезім жайлы толғаған әрбір фильмде махаббат көріністері жетерлік. Алайда, фильмдер де адам өмірі мен сезімдерінен жасалатынын ұмытпаңыз. Сонымен қатар, әрбір адамның өмірі бір көрініс десек, әр адамның өз сценарийі, өз сөз айту шеберлігі бар. Ең бастысы сондай сезімді айтатын жан жарыңыз болсын деп тілейміз!

 

Дайындаған: Анар Мұстафина

Суреттер: kinotom.com, letsgotothemovies7.com, drafthouse.com, ruskino.ru, eamonnmallie.com, thisdistractedglobe.com

5957 7
Рейтинг: +4

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 08 наурыз 2013, 18:30
Пікірлер
+0
08 наурыз 2013, 10:18

тамаша,Шүкір қазақтада бар болғанына!!!

+0
08 наурыз 2013, 12:08

Орал нағыз жігіт.

+0
08 наурыз 2013, 12:19

Керемет кинолар екен көретін

+0
08 наурыз 2013, 20:28

"Келіңіз, билейік" тамаша фильм! Ғашықтар фильмі!

+0
09 наурыз 2013, 00:08

Махаббат бекеті ерекше ұнайды әлі күнге дейін көремін осы киноны мүлде жалықпаймын. Талай ғашық болғанмын осы киноны көріп

+0
09 наурыз 2013, 03:17

менің де ең сүйікті фильмім

+0
11 наурыз 2013, 16:00

"Махаббат бекеті" ең керемте кино. Сөз салуы да, сезім білдіруі де

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...