Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 8 НАУРЫЗ 2013 / "Мен қазақ қыздарына қайран қалам.."

"Мен қазақ қыздарына қайран қалам.."

Дәстүрлі мәдениеттің бесігін тербетіп, әйелдіктен даналыққа, отбасы, ошақ қасы тірлігінен рулы елдің қамын жейтін ел анасы деңгейіне көтеріле білген Аналарымыз бен Апаларымыз, Қазақ Қыздары туралы әңгімелеуді жалғастырамыз..

Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да күрделі жол. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өседі. Бұл аз дегендей жақыны Тұрысбек қажы Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай баласы Жиенқұлға атастырады. Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады. Ақынның бұл айтыстан басқа «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры», « Жайлауда», « Әбіштің аруағына», « Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар.

Дина Нұрпейісова - қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Қазақстанның халық әртісі. Ел арасында атағы шыққан қаршадай қыздың даңқын естіген әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келіп, ақ батасын берген. Дина тоғыз жасынан он тоғыз жасына дейін, Құрманғазының баулуында болады. Ол 1937 жылы өткен халық өнерпаздарының  республикалық байқауында және 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтың бірінші байқауында, 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте жүлделі орындарды жеңіп алған. 

Күләш Жа­сынқызы Бәй­сейіто­ва — қазақтың әйгілі әншісі (ли­рика-ко­лора­тура­лық соп­ра­но), қазақ опе­ра өнерінің негізін са­лушы­лар­дың бірі, қоғам қай­рат­кері, КСРО ха­лық ар­тисі. КСРО Мем­ле­кеттік сый­лығының ла­уреаты. Қазақ халқы Күләш арқылы дүние жүзінің классикалық операсы мен көптеген халықтардың музыкасын таныды. Оның дауысы – қазақ даласындай кең де биік, ұлттық нақышы айрықша болғандықтан, орындаған әндері қазақ халқына жақын әрі түсінікті еді. Ол тек драмаларда басты партия орындаушы ғана емес, әсіресе, ұлттық спектакльдерді жандандырып, жасаушысы болды. 


Өнер - махаббат! Махаббат - өнер... Қазақтың тұңғыш профессионал биші қызы - Шара Жиенқұлова барша өмірінде осы екі қасиетті бойтұмардай қастерлей білді. Шара небәрі он алты жасында"би падишасы" атанды. Сол жылы өзінің болашақ жары, дара махаббаты- Құрманбек Жандарбековпен танысып, көңіл қосады. Ол әлем халықтарынан: үндінің, өзбектің, испанның, сығанның, әзербайжанның, грузиннің, жапонның, корейдің, монғолдың ән-билерін орындайды. Әр ұлттыңтілін ғана үйренбей, костюм кию мәнерін, жүрісін, дауыс ырғағын да келістіре салады. Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған.


Әмина Өмірзақова қазақ киносының алғашқы қарлығаштарының бірі ретінде бұл саланың дамуына елеулі үлес қосты. Ол қатал тағдырға мойымған - қайсар ана, қазақ киносын әлемге танытқан - тұлға. Қазақ кинематографиясының баға жетпес қазынасына айналған: “Абай”, “Жамбыл”, “Бір ауданда”, “Ана туралы аңыз”, “Арманым менің”, “Ақ шаман”, “Нан дәмі”, “Шанхай” фильмдерінде жасаған бейнелері, әсіресе әйгілі “Тақиялы періштедегі” актриса ойнаған Тана апайдың рөлі қалың жұртшылықтың махаббатына әлі күнге дейін бөленіп келеді. 

Тыңдармандары өнерге берілген әртіс санайтын Р.Т.Бағланованың өмірден өткеніне көп уақыт өткен жоқ. Роза апамыздың майдан даласында жүрексінбестен салған рухты әндері жауынгерлерді ерлікке жетеледі. Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. Бірде жауынгерлер алдында ән шырқап тұрғанда алдына бомба түсіп, екі көзі бірдей көрмей қалады. Дәрігерлер қолдан келгендердің бәрін жасады. Алты рет жаслаған ота нәтижесінде Роза Тәжібай қызының бір ғана көзі емделеді. Ол ұлттық ән өнерін дамытуда да үлкен үлес қосты, ерекше сазды ән мектебінің қалыптасуына ықпал жасады. Қазақстанның Халық әртісі, Халық Қаһарманы, "Халықтар достығы" орденімен, "Шапағат"медалімен марапатталған.

Қымбатты арулар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілейміз! 

 

 

 

Суреттер:.newskaz.ru, oren.ru,inform.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

4948 0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 08 наурыз 2013, 19:16
Пікірлер
+0
08 наурыз 2013, 20:22

Бұл әйелдер қастерлі адамдар ғой, есімдері ұмытылмасыншы...

+0
08 наурыз 2013, 20:54

Қазақ әйелдерінің ерекше тұлғасын көрсете білген қазақ қыздары мың тағзым!

+0
08 наурыз 2013, 22:04

Қазақтың көктегі ЖҰЛДЫЗДАРЫ!

+0
09 наурыз 2013, 14:44

100 жылда 1 туады ғой бұндай кісілер

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...