Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 8 НАУРЫЗ 2013 / 8 наурыз. Әлемді өзгерткен әйелдер

8 наурыз. Әлемді өзгерткен әйелдер

8 наурыз. Әлемді өзгерткен әйелдер

Ғасырлар бойы адамзат баласы әлемді тұрғызатын, оны өзгертетін - тек қана еркектер және білектілер мен бөріктілер ғана көшбасшылыққа, билікке лайықты деп келді. Ал  қоғам мен ғұрып ешбір әлеуметтік жағдайына қарамастан, күллі әйел қауымына екі ғана мақсат айқындап берген болатын: тұрмысқа шығу және өмірге ұрпақ әкелу. 

Сонда да, нәзік жандыларымыз тарих беттерінен тыс қалған емес, олар өздерінің сұлулығымен және ақылымен әлемнің, жеке адамның, тұтастай бір мемлекеттің тағдырына ықпал ете білді. Олар үшін жойқын соғыстар басталып, мыңдаған адамдар бақилық болды. Олар үшін өлді, өлтірді, өмір сүрді, мүмкін емес дүниелер, небір ауыр күнәлар жасалынды. Олар - сұлу, жұмбақ, ақылды-айлакер, ержүрек, батыр, қайратты, қайсар, өздеріне сенімді өз өмірлерінің қожайыны. Ең мықты деген еркектер олардың аяқтарының астындағы құлы болды, оларды өзге әйелдер жек көрді, қарғады. Тек 8 наурыз сияқты мерекелерде ғана емес, өмір бойы аялады, сүйді. Әйел - жар да, келін де, ана да және жақсы қызметкер, үздік басшы да бола алды. Олар кімдер дейсіз бе? Ендеше, 8 наурыз қарсаңында осы бір мықты әйелдермен таныс болыңыз!


Аңыз әйел


Клеопатра VII Филопатор - Ежелгі Египеттің соңғы патшайымы. Египеттің тағына отырған әлсіз әрі жігерсіз, ынжық патшалардан кейін билікті қолын алған салиқалы басшының халқы үшін жасағаны теңдессіз еді. Бірақ, ол билікке кеш келді. Клеопатра сахнаға шыққанда Египеттің жұлдызы сөніп қойған болатын. Әлемді өз қолына алған Рим патшалығы айналасындағылардың бәрін жұтып қоятындығын біле тұра, өз елінің тәуелсіздігі, халқының азаттығы, тағы үшін аянбай соғысып, соңғы демі қалғанша барлық мүмкіндікті пайдаланды.

Сұлулық пен махаббат патшайымы

 

Елена - "Адамзат - сұлулықтың құлы" деген сөздің дәлелі болатын бірден-бір образ. Әлемнің ең мықты деген патшаларын аяғына жығылдыра білген сұлу туралы білмейтіндеріңіз жоқ шығар... Ол туралы атақты Гомер "Иллиада", "Одиссей" атты поэмаларында әдемі жырлайды. Аузынан ана сүті кетпеген ханзада Паристі ес-түссіз ғашық еткен Елена - Атрид Менелайдың жары. Ол үшін атақты Троян соғысы басталып, Троя патшалығы күл-талқан болып, жер бетінен жойылып кетті.

 

"Орлеан қызы" 

 

Жанна д’Арк (1412 - 1431) - француздардың ұлттық батыры, жүзжылдық соғыс (1337 — 1453) кезінде француз халқының ағылшындарға қарсы азаттық күресін басқарған қолбасшы. Шаруа отбасында дүниеге келген. Он үш жасынан бастап атағы шыққан батыр қыз Орлеан жеріндегі соғыстарда көзсіз ерлік көрсетіп, Франция королімен бетпе-бет кездескен. Жанна д’Арк басқарған жасақ үлкен жеңістерге жетіп, 1429 жылы 8 мамырда ағылшындардың қолында болып келген Орлеан қаласын азат етті. Осы еңбегі үшін халық оны "Орлеан қызы" деп атап кетті. 

 

 

 

"Елінің айы"

Индира Ганди - 1966—1977 және 1980—1984 жылдары Үндістан премьер-министрі қызметін атқарған. Билікке келген жылдары бақталастары оны "ақымақ қуыршақ" деп мазақ еткен болатын. Алайда ол өз елінің тарихына Үндістан үкіметін бірнеше жыл бойы салиқалы түрде басқарған іскер, көрегенді әйел ретінде енді. Ақылды саясаткер мемлекеттің халықаралық дәрежесінің жоғары деңгейге көтеріліп, нығаюы үшін көп қызмет атқарды. Бүгінде Индира ханымды Отаны ғана емес, күллі әлем құрметтейді. Ол өмірге Раджива және Санджая есімді ұлдарды әкелді.

Тірі аңыз 

 

 

 

Елизавета II – әлем тарихының тірі аңызы. Әлем халқы оны әлі күнге дейін британдық империяның нышаны ретінде қабылдайды. Қаншама билеушілер ауысты, небір қанды қырғын соғыстар өтті, мыңдаған елдер бұршақтай бытырап, жаңа мемлекет құрылды. Бірақ, Британ ханшайымы мен монархия ғана өзгермеді.

Тақтағы 60 жыл - аз мерзім емес. Тарихта мұншама уақыт билікте отырған Тайланд королі ғана екен. 

 

 

Жалғасы бар...

Суреттер: lesbi.nowbb.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

4286 2
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 01 наурыз 2013, 18:40
Пікірлер
+0
01 наурыз 2013, 21:30

Әйел әлемді бір қолымен тербетсе бір қолымен бесікті тербеді. Бұл әйелдер осыны дәлелдейді!

+0
04 наурыз 2013, 18:57

Массагетте те талай "Аңыз" қыздар бар.. Иә, иә!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...