Наурыз мейрамында сүйіктіңізге қандай сый-құрмет жасауға болады?

Наурыз мейрамында сүйіктіңізге қандай сый-құрмет жасауға болады?

Наурыз – халқымыздың ұлттық мейрамы, жаңа жылы. Бұл қуанышты күнді жақындарыңыз бен сүйіктіңіздің жанында өткізгенге не жетсін?! Осы мерекеде өзіңіз бастама көтеріп, бір-біріңізге сыйлық жасап, дәстүрге айналдырсаңыздар игі іс болары анық. Сонымен, Әз Наурызда сүйіктімізге қандай сый-құрмет көрсетсек болады? Тізімдеп көрейік.

Ұлттық мейрам болған соң, ұлттық нақыштан ажырамай, менталитетімізге сай бұйымдарды ұсынсаңыз жақсы болады. Нәзік жандыларға таңдау өте көп. Дегенмен, таңдаудың да таңдауы барын ұмытпаған абзал.

Ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдар 

Қазақы үлгіде киінген қуыршақтар

Ұлттық ыдыс-аяқтар 

Қазақы мейрамханада не киіз үйде кешкі ас

"Қыздың көзі – қызылда" деп, дана халқымыз бекер айтпаса керек. Жоғарыда атаған ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдар кез-келген сұлудың жүзіне көрік берсе, ал сүйкімді қуыршақ ерке аруыңыздың көңіліне қуаныш сыйлары анық.

Ұлттық ыдыс-аяқтар да екі күннің бірінде сыйланатын жұмсақ ойыншықтардан әлдеқайда жақсы және ерекше екені сөзсіз. Ал қазақы мейрамханада не киіз үйде бірлесіп ішкен кешкі ас әсерінің тым бөлек болатынын жүзеге асырған жұптар жақсы біледі.

Және осы аталғанның бәрі тосынсый ретінде жүзеге асу керектігін де жадыңыздан шығармаңыз. Сонымен қатар, өзіңіз де ұлттық киім киіп алыңыз. Бұл сіздің бұл кештегі басты қаруыңыз болмақ.

Бірақ, ең маңыздысы қандай сыйлық болмасын, шын жүректен болғаны дұрыс екенін қаперіңізде ұстаңыз. Сыйлық алушы сүйіктіңіз үшін де қолыңыздағыдан бұрын көңіліңіздегі нәрсе маңызды екенін ұмытпаңыз.

Құрметті оқырман, сіз сүйіктіңізге қандай сыйлық әзірлеп жатырсыз? 

Сурет: amur.kz, im1.asset.yvimg.kz, ru.balbala.kz, el.kz, toptop.kz.

Е. Жұмабайұлы