Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2012 / 22 наурыз: Асық ойнау

22 наурыз: Асық ойнау

22 наурыз: Асық ойнау

Қазақ халқының ұлттық ойындар қатарында асықтардың алатын орны ерекше. Асық ойындары ерте кезден бері кішкентай бүлдіршіндердің сүйіп ойнайтын ойындар қатарына жатады. 22 наурыз күні асық ойнау ерекше қарқынмен өріс алады. Асықтардың салт-дәстүрімізге енгені соншалықты, оларға байланысты ата-бабаларымыздың айтқан сөздері де бар. Мысалға алатын болсақ, "асығың алшысынан түссін"- "ісің оңды, жемісті болсын," дегенді білдіреді. Өзіңіз көріп тұрғаныңыздай халқымыз асықты құрметтеп, оларға қатысты ойындарды да шығарған. Ерте заманнан келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің оты суымасын деген ниетпен, біз сізді бір асық ойынымен таныстырғымыз келіп тұр. Сонымен, "үш табан" атты асық ойынының ережесіне құлақ түрсеңіздер.

Бұл ойынды үш-төрт баладан топтап, екі-үш жерде ұйымдастыруға болады. "Үш табанның" шарты бойынша, әр ойыншыға бір-бірден асық, бір-бір сақа беріледі. (Осы жағдайда ойын жылдам әрі қызықты өтеді). Көмбеге бір-бірден асық тіккен әр топтың ойыншылары өз алаңдарында жеке-жеке сақаларын иіреді. Сақасы алшы түскен бала бірінші болып, одан кейінгілері рет-ретімен (тәйке, бүк, шік түскен) «ұшуға» кіріседі. Ұшу дегеніміз - көмбеден алшақтау жерге барып сақа иіру. Сақасы алшы түскен ойыншы бірден көмбедегі тігіулі асықты атуға жолдама алып, өз шеберлігін көрсете бастайды. Осылай болмаған жағдайда, асық ату бәрі ұшып болған соң, бастапқы кезек бойынша жалғасады. Алысқа ұшқан мергендер тигізе алмаса, көмбеде қалған ойыншыға кезек тиеді. Көздеген асығына дәл тигізіп  және оны көмбеге жиегін алып өлшегенде үш табан артық қашықтыққа ұшырған ойыншы қашан келесі асыққа тигізе алмай қалғанша атуды жалғастыра береді. Болмаса, атқан асығы үш табаннан аспай қалғанда ғана ойын тоқтатып, өзінен кейінгі ойыншыларға кезек беруге мәжбүр болады.

Ереже бойынша, ұтылған бала ойыннан шығып қалады. Сөйтіп, айналасы екі-үш айналымның ішінде, әр көмбеден бір-бір жеңімпаз шығып, олар енді орталық көмбедегі ақтық (финал) сайысқа түседі. Бұл шешуші жарыста бірінші және екінші орынға ие болған мергендер сынға түседі. 

Асық иірудің өз атаулары бар.

АЛШЫ
ШІК

 

БҮК
ТӘЙКЕ

Кәне, "Үш табан" ойнауға кім дайын?

Сурет мұрағаттан 

16988 20
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 15 наурыз 2012, 17:00
Пікірлер
+0
15 наурыз 2012, 17:20

құрттай кезімде ауылда шаң-шаң боп балалармен бірге асық ойнаушы едік )

+0
15 наурыз 2012, 17:30

Форумда айтыс басталды! Айтыс басталды, ағайын!

+0
15 наурыз 2012, 18:02

айтыстың асыққа қатысы не???

+0
15 наурыз 2012, 18:03

ОМПЫ дегенді неге жазбағасыңдар?

+0
15 наурыз 2012, 18:12

Әу деп жіберейік Асеке айтыс тақырыбында

+0
15 наурыз 2012, 18:13

сабаққа кітаптардың орнына асық алып баратынбыз ))) Үйде бір сөмке асық жатыр. Кішкентайлар ойнағысы келмейді...

+0
15 наурыз 2012, 18:17

сабақтан қашып, асық ойнап, қол деген жарылып кеткен, шаң-шаң, кір қожалақ боп жүрушек қо...

+0
15 наурыз 2012, 18:34

балақайлардың арманы айфон ғо, асық емес

+0
15 наурыз 2012, 18:18

сосын ҚАМЗОР дегенді білетіндерің барма?)))

+0
15 наурыз 2012, 18:43

қандай ол??

+0
15 наурыз 2012, 18:45

беріліп ойнап жатқанда үлкендер келіп тізулі тұрған асықты жинап ап қашып кететін)

+0
15 наурыз 2012, 18:48

Асық ойнаған азады, Доп ойнаған тозады, - деуші еді апам...

+0
15 наурыз 2012, 19:01

Бәріненде қой бағып, көтен жеген озады! деген жалғасы бар еді)))

+0
16 наурыз 2012, 11:00

Пайдасы болыпты ғой, Әзизгеде рахмет!

+0
16 наурыз 2012, 11:08

Асықтарды ауладағы балалармен таласып тұрып ойнаушы едік. Сол кезде талайды жылатқан менің қызыл сақам әлі де бар)

+0
16 наурыз 2012, 11:47

Кішкентай кезімде атам еттен асық мұжып бергенде таң қалғаным бар. Мұның сүйектен шығатынын білмегем ғой )))

+0
16 наурыз 2012, 13:22

Сақаларымыздың ішін тесіп, оған қорғасын ерітіп құйып, оның сыртын сым темірмен орайтынбыз. Салмақты болсын, тиген асығын ұшырып жіберсін деп. Оны әдемілеп қынаға қайнатып бояйтынбыз... Эх қайран бала кезім-ай!!!

+0
16 наурыз 2012, 18:46

Мен асықты әлі күнге дейін ойнаймын! ))

+0
13 наурыз 2013, 17:51

Тәйкені біздер жақта "табан" дейді. Менің 30 шақты асығым бар. Ырымдап жинап жатырмын. Ертең ұлыма берем. ))))))))))

+0
13 наурыз 2013, 18:23

Асықтың балаға берер пайдасын жазу керек еді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...