Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2012 / Жұлдыздар 22 наурыз мерекесімен құттықтайды

Жұлдыздар 22 наурыз мерекесімен құттықтайды

Жұлдыздар 22 наурыз мерекесімен құттықтайды

"Massaget.kz" оқырмандарын танымал тұлғалар 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтайды

Қалың қазағым!

Қазағымыз «Жаңа Жыл жарылқа, Ескі жыл есірке» деп жатады. Бір жылды артқа тастап, тарих қойнауына тағы бір жыл қосылғалы тұр. Санаулы сәттен кейін табалдырығымыздан Әз Наурыз, яғни жаңа күн, жаңа жыл аттайтын болады. Бар өкпе-реніш пен уайым-қайғы ескі жылда қалып, жаңа жыл күллі қауымға жақсылық нұрын төксін! Әр шаңырақ риясыз қуаныш пен шаттыққа толсын! Халқымыз аман болып, жеріміз тыныш болсын! Аман-есен жылдан-жылға, Наурыздан-Наурызға жете берейік! Әумин!

Ізгі ниетпен, «Аруана» әжелер ансамблі


Құрметті халайық!

Ұлыстың Ұлы күні Әз Наурыз мерекесі құтты болсын! Жыл басы Наурыз мерекесінде күн мен түн теңесіп, тіршілік жаңарып, өмір жаңғырып, пейіл түзеліп, көңіл көтеріліп, тілек-дұғалар қабыл болады.

Наурыз мейрамы баршамызға құт-береке, ынтымақ-бірлік, татулық пен тыныштық әкелсін! Еліміз аман, жеріміз тыныш, аспанымыз ашық болсын, ағайын!

Шын жүректен, «Парасат» тобы


Ассалаумағалейкум, әлеумет!

Наурыз - табиғат әлемі жаңарып, тіршілік атауына жан бітіп, күн мен түн теңелетін ғажап күн. Жыл басы Наурыз мейрамы баршаңызға бақыт пен береке, молшылық пен ырыс, тыныштық пен татулық әкелсін! Әр шаңырақта шаттық пен жақсылық атауы орнап, керегелер күлкі мен қуанышқа толы болсын! Үміт-тілектеріңіз ақталып, арман-мақсаттарыңыз жүзеге ассын! Басымыз аман, бауырымыз бүтін, төрт құбыламыз тең болсын, бауырлар!

Жарқын өмірдің бастауы саналатын Әз Наурыз мерекесі құтты болсын!

Игі тілектермен, Нұрлан Албан


2271 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 21 наурыз 2012, 09:00
Пікірлер
+0
21 наурыз 2012, 10:26

Әжелерім, айналайын, ақ жаулықтарыңнан! Дауыстарыңнан, әндеріңнен! Керемет, әжелер ансамблі! :)

+0
21 наурыз 2012, 11:06

Апаларым әуелеткен ауылдың алты аузына не жетсін! Жүз жасаңыздар, ақ әжелерім менің!

+0
21 наурыз 2012, 12:57

Нұрлан Албан ағамыздың әжелермен бірге қосылып ән айтатынын ұнатам

+0
21 наурыз 2012, 14:10

Рахмет сіздерге! :)

+0
21 наурыз 2012, 19:17

Әмин! Айтқандарыңыз келсін! :)

+0
21 наурыз 2012, 23:57

Рахмет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...