Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2013 / 22 наурыз. Қазақтың үш биінің айтқандары

22 наурыз. Қазақтың үш биінің айтқандары

22 наурыз. Қазақтың үш биінің айтқандары

22 наурыз - қазақтың жаңа жылы. Бұл мерекені бүкіл түркі жұрты тойлайды. Қазақтың ең маңызды мерекелерінің бірі саналатын 22 наурызды біз де еш елеусіз қалдырмаймыз. 22 наурыз мерекесі әр қазақтың бойтұмары іспетті.

Қара сөздің парқын білген қазақ нақыл сөзге кенде емес. Тарихтың тарам-тарам жолдарында өткеннен із болып сақталған ұлы сөздер бүгіндері әр қазақтың жүрегінде болуға тиіс. Шешендік пен даналық - жұмыр басты пенденің бәрінің бірдей бойына дари бермейтін дарын. Осындай ғажайып дарын иелері ел басына күн туған шақта шашыраған қазақты бір тудың астына жинап, есігі мен бесігін түзейтін ерлеріне ерен сөз айтты. Қасиетті сөздің қадірін ұғынған жан үшін олар тек сөз ғана айтпады. Олар алтыннан да құны жоғары, оты сөнбес ғұмырлық нақыл айтты. Шешендер мен билердің ішінде үш жүздің үш биін бөле жарып алуды көздеп отырмыз. Олар қаны да, жаны да бір қазақтың басын қоспақ болды. Ендеше, бабаларымыздың артына қандай ұлы сөз қалдырғанын біле жүрейік.

Төле бидің айтқандары


Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол.

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол.

Бір тонның жағасы болма, 

Көп қолдың ағасы бол.

Ақты ақ деп бағала, 

Қараны қара деп қарала,

Өзегің талса, өзен бойын жағала, 

Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.

Өзіңе-өзің кәміл бол,

Халқыңа әділ бол,

Жауыңа қатал бол, 

Досыңа адал бол.

******

Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.

Өзіне келер ұятын,

Өзі біліп тұрса игі.

Жаудан бұққан немені,

Ортасына қуса игі!

******

Арғымақ баптап не керек,

Жабы қуып жеткен соң.

Ағайын-туған не керек,

Аңдысып күні өткен соң. 

Бес күн жалған өтеді,

Ажал қуып жеткен соң.

Бір төбенің басына

Тыға салып кеткен соң.

"Сөйле, Төке" дейсіздер,

Жастар бар ма тыңдайтын?

Бұрынғыдай жұрт қайда,

Айтататын оны біз қайда?..

******

Іздеп келер інің бар болса,

Бақытың барын содан біл.

Аңсап келер ағаң бар болса, 

Аруағың барын содан біл.

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты қашып, ермегеннен без.

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтақынына болмағаннан без!

******

Қарағайдан биік ағаш жоқ, 

Бұтақтары болмаса, берекесі талша жоқ.

Ақылды деген адамның,

Айтарға аты болмаса, айтқан сөзі жайша жоқ.

******

Атың жақсы болса, 

Ер жігіттің пырағы,

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

Қызың жақсы болса,

Жайқалып өскен құрағы.

Әйелің жақсы болса,

Бірінші - иманың,

Екінші - жиғаның,

Үшінші - ырысыңның тұрағы.

******

Жалғандай ойлап тұрсаң бірлік керек,

Бірлікті ойлаған соң тірлік керек. 

Ағайынға ала көз бола қалсаң,

Аузыңнан несібеңді біреу жемек.

Қазыбек бидің айтқандары


Ауыл ақсақалы шала болса,

Жігіттері алту ауыз ала болса,

"Ә" десе, "Мә" дейтін.

Жасы үлкеніне жасы кішісі "сен" десе,

Сол ауылдың берекесі кетеді.

 

Әйелің қабағын түйіп керілсе,

Шай құйып беруге ерінсе,

Ұлың ұрысқа сай болса,

Келінің керіске сай болса,

Қызың сумақай болса,

Сол үйдің берекесі түгел кетеді.

*****

Атың жақсы болса,

Тіршілікте мінген пырағың.

Балаң жақсы болса,

Жанып тұрған шырағың.

Әйелің жақсы болса,

Досың жаныңа жиналып,

Рахаттанар қонағың. 

 

Атың шабан болса,

Тіршілікте көрген азабың.

Балаң жаман болса, 

Ғұмырлық көрген азабың.

Әйелің жаман болса, 

Досың сенен безініп,

Үйіңнен кетер қонағың. 

******

Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы емес пе!

Атың жаман болса,

Шыбын жанның азабы емес пе!

Қатын жаман болса,

Бұл жалғанның тозағы емес пе!

Туған балаң жақсы болса,

Тән мен жанның шырағы емес пе!

Мінген атың жақсы болса, 

Бұл дүниенің пырағы емес пе!

Алған жарың жақсы болса,

Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе?

*****

Ерден ердің несі артық,

Ептестірген сөзі артық.

Малдан малдың несі артық,

Бір-ақ асым есі артық.

Жерден жердің несі артық,

Бір-ақ уыс шөбі артық.

Міндетіне алған сөзден,

Шегінген жігіттен,

Өлген аюдың өзі артық. 

*****

Бір бала бар - 

Атадан жете туады.

Бір бала бар - 

Атадан өте туады.

Бір бала бар - 

Кері кете туады!

*****

Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма - 

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең,

Өршіл болма,

Өскеніңді өшірерсің.

Басына іс түсен пақырға

Қастық қылма - 

Қайғысы көшер басыңа.

Жанашыры жоқ жарлыға

Жәрдемші бол асыға.

Қиын-қыстау күндерде

Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп,

Жақыныңды басынба!

******

Алтын ұяң - Отан қымбат,

Құт берекең - атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың - әкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат,

Ұят пенен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат.

*****

Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, ағайың жақсын.

Бауырмал болса, інің жақын,

Инабатты болса, келінің жақын.

 

Алдыңа тартқан адал асың,

Қимас жақын - қарындасың.

Сыбайлас болса, нағашың жақын.

Адал болса, досың жақын.

Еркелейтін немерең жақын.

Өз ұрпағың - шөберең жақын. 

Жан серігің жас кезіңнен

Бәрінен де әйелің жақын.

*****

Арадан шыққан жау қиын, 

таусылмайтын дау қиын. 

Шанышқылаған сөз қиын. 

Дәл осындай жағдайда пана болмас өз үйің.

Жазылмаса, дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын. 

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен өрт қиын. 

Тентек болса, ұл қиын

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас миың.

Әйтеке бидің айтқандары


Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң, арқырар.

Ақыл деген дария,

Алдын тоссаң, тоқырар.

Кісі берге туыспау керек,

Туысқан соң сөз қуыспау керек.

Сөз қуған бәлеге жолығады,

Жол қуған олжаға жолығады. 

*****

Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң, жауға найзаң тисін. 

Бай болып елге пайдаң тимесе,

Батыр болып жауға найзаң тимесе,

Елден бөтен үйің күйсін!..

******

Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса,

Бай болар кедей жігіт мүлкі болса.

Жақсылардың белгісі сол емес пе, 

Қара қылды қақ жарған әділ болса!?.

*****

Суалмайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Тамыры суда болса да,

Уақтысы жеткенде,

Қурамайын құрақ жоқ.

Дүние деген фәни бұл,

Панасы жоқ, тұрақ жоқ. 

Баласы жоқта, мият жоқ,

Бәрінен де сол қиын,

Түнде жанған шырақ жоқ,

Артта қалған тұяқ жоқ,

Шүкіршілік етіңіз!

"Қазақтың би-шешендері" кітабы бойынша дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: uadocs.exdat.com, ademi-ai.kz 

29398 1
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 15 наурыз 2013, 11:19
Пікірлер
+0
15 наурыз 2013, 19:13

Бастысы көктем берекенің басыы ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...