Махаббаттың мәңгілік екенін дәлелдеген жұптар

Махаббаттың мәңгілік екенін дәлелдеген жұптар
Фото: artleo.com

Осынау жер шарында өздерінің албырт шақтағы бойын алып ұшқан асау сезім билеп жүрген кезде түскен ескі суреттерін ғұмыр бойына сақтап жүрген жұптар бар. Олар сол суретпен бірге махаббат деп аталатын ұлы сезімдерін де сақтап келеді. Ол мүмкін бе деп ойларсыз. Иә, мүмкін. Қарапайым мысал, көшеде қол ұстасып арқа-жарқа күлісіп, әңгімелесіп кетіп бара жатқан ата мен әжені көрсеңіз, қандай сезімде боласыз? Ондай жұптарды тіршілік барысында, көшеде жиі көретініміз рас. Сондай кезде  расымен де адами қарым-қатынасты осыншалықты берік сақтауға болады екен ғой деген ой келіп, көңіліңізге жылылық ұялайтыны өтірік емес. 

Сүйген адам бәріне тәуекел ете алады. Сүйеді. Сағынады. Күтеді. Махаббаттың алды ыстық сезім болса, арты үлкен сыйластыққа ұласады. Бұл сезімнің ыстығы қайтады деген сөз емес әрине. Өздерінің жастық шақтағы суреттерін әлі күнге дейін сақтаған бақытты жұптар жетерлік. Қартайғанда да олардың бір-біріне деген сезімі әлі бұрынғыша өз күшін сақтаған. Олар әлі күнге дейін бақытты һәм әдемі...

Ванг Дей (Wang Deyi) мен Цао Юхуа (Cao Yuehua) осыдан 70 жыл бұрын отау құрған еді.

Кейбір дүниелер ешқашан өзгермейді. Мысалы., мына жұп 40 жылдан кейін тағы да саяхаттауға бара жатыр.

Chevrolet және мәңгілік махаббаттың үлгісі.

 

Шынайылық пен позитив әрқашан бірге жүреді

60 жыл өтпегендей құдды...

Отау құрғандарына 45 жыл тойларына да сол киімдерін киді.

Мына әйел той көйлегін 60 жылдан бері сақтап келеді.

Бұл жұптарға қарап еріксіз сүйсінесіз, еріксіз таңдай қағасыз. Есіңізде болсын, бұл сіздің де қолыңыздан келеді. Түптің түбіне келгенде барлығы адамның өзіне байланысты. Шынайы қарым-қатынас берік сезім мен шексіз сыйластыққа құрылса, махаббат та мәңгі болмақ.

Ж. Жұмағұлов