Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2012 / Махаббат сауалнамасы. 3-бөлім

Махаббат сауалнамасы. 3-бөлім

Махаббат сауалнамасы. 3-бөлім

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

1-сұрақ. «15 сәуір – Ғашықтар күні. Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні» мерекесі жайлы не ойлайсыз?
2-сұрақ. Бала махаббатыңызды қай кезде кездестіріп едіңіз? Есімі есіңізде ме?
3-сұрақ. Романтикалық іс-әрекеттерге көзқарасыңыз. Дұрыс па, бұрыс па? Өз пейіліңізді білдіру мақсатында романтикалық іс-әрекеттер жасадыңыз ба? Әлде сізге тосын сый жасаған кездер болды ма?

Айжан Нүсіпова, «Сленг» тобының әншісі

1. Әр мерекенің өз тарихымызбен ұштасқанына не жетсін?! «Әулие Валентин» күні дегеннен гөрі «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» күні деген құлағыма жағымдырақ естіледі. Мысалы, ерлерді 23 ақпанда құттықтағанша,  бізге 7 мамырда құттықтаған жарасады. Себебі, әр мерекені қисынсыз тойлай бермей, өз тарихымызбен байланыстыра отырып тойлағанымыз дұрыс.

2. Өнер адамдары әркез тәтті сезімді сезініп жүреді. Менің алғашқы махаббатым 8 сыныпта оқып жүргенде оянды. Жігіттің есімі есімде қалмапты, ол менен екі сынып жоғары оқыды. Бір-бірімізді сырттай таныдық, мен онымен сөйлесуге қорқатынмын, ұяламын. Соған қарамастан, бұл алғашқы махаббат жағымды әрі тәтті сезім болатын.

3. Әр күнімнің өзі романтика. Мына оқиға есіме түсіп тұр. Мені ұнататын жігіт ауруханаға түсіп, наркоздан енді оянғанда, «Айжан» деп менің есімімді атай беріпті. Тәтесі хабарласып, маған айтқанда, ерекше күйге бөлендім. Осы бір оқиғаның өзі оның маған сезімінің қаншалықты дәрежеде екенін дәлелдеп берді. Кейбіреулер анасының, әкесінің немесе басқа нәрселерді айтса, ол менің есімімді атады ғой...
Сосын мен түнгі Алматыны көлікпен,  әдемі әуеннің ырғағымен аралағанды жақсы көремін. Бұл — ең әсерлі романтика. Өткен жылы Президент саябағында аспанға ұшырған әуе фонарьлары да нағыз романтика. Биыл бұл шара тағы ұйымдастырылады деп ойлаймын.

Ғабит Әбілдаев, «Мelo’Men» тобының әншісі

1. Ғашықтар күнінің көктем мезгілімен тұспа-тұс келуінің өзі мерекені ерекше сездіреді. Бұл мерекені кейінгі кездері тойлап жүрміз. Керемет етіп тойланбаса да, атап өтіліп жүр. Өзіміздің қазағымыздың осы мерекесін түбегейлі орнықтырып алсақ, жақсы болар еді. Қазірден бастап, бүгінгінің жастары, біздер ғашықтар мерекесін осы күні тойласақ, кейінгі буын үшін бұл кәдімгі үлкен мерекеге айналар ма еді деп ойлаймын.

2. 8 сыныптан бастап ғашық бола бастадым. Сол мектептегі махаббаттың бәрі бала махаббат қой. Ұнатқан қыздарым көп еді... Есімдері есімде қалмапты. Университет қабырғасына келіп, нағыз махаббат басталды.

3. Мен әлемдегі ең бірінші романтик адаммын. Өзім осылай есептеймін. Жақында бір қызға 21 раушан гүлін сыйладым. Сыйлықтарды жиі жасаймын. Ұнатататын қызымның шемішкені жақсы көретінін білетін едім. Туған күніне шемішкені әдемі қораптарға салып сыйлағаным бар. Көп қорапқа, бірінің ішіне бірін салып, әдемі лентамен орап, қасына гүл қосып бердім. Ол қорапты алғанда, үлкен бағалы сыйлық деп ойлады. Соңғы қорапты ашып, шемішкені көргенде, қуанды. Өйткені, мен оның ұнататын затын сыйға тарттым.
Тағы бірде көңілімді жаулаған ару төртінші қабатта тұратын еді. Үйінің сыртына гүлдермен есімін, сосын «Сен мендіксің» деп жазып кеткенмін... Бұл да менің романтикалық әрекеттерімнің бірі. Осы жылдың көктем айлары мен үшін нағыз романтика айлары болып жатыр...

Жігер Ауыпбаев, «Мelo’Men» тобының әншісі

1. Төл мерекеміздің болғаны дұрыс. Бізге 14 ақпанды тойлағаннан гөрі, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» күнін тойлаған жарасатын сияқты. Қазір көп байқаймын, бұл мерекеге ерекше көңіл аударылып жүр. Тіпті, менің таныстарымның арасында 15 сәуірді күтіп, дайындалып жүргендер бар. Бұл мені қатты қуантады.

2. Алғашқы махаббат маған 9 сыныпта келді. Есімі — Әйгерім. Оған арнап өлең жазатынмын. Көп нәрсенің байыбына бара бермейтін шақ еді. Сонда да Әйгерімге ұнау үшін жағымды әрекеттер жасауға тырысып жүретінмін. Қыздар бірден жауап қайтара қоймайды ғой.

3. Қазір сүйіктіңе тікелей барып, сезімді білдіре салу қызық емес. Жастардың көбі сүйіктілеріне сүйетінін жеткізу үшін киноға немесе табиғат аясына шақырады. Үйленуге ұсыныс жасау үшін де түрлі әдемі әрекеттер жасалады. Менің романтикам — өлең. Сұлуды ұнатсам, өлең жазамын. Сурет салатыным да бар. Сосын өлеңді телефон соғып, оқып беремін. Салған суретті де сыйға тартатыным бар. Ал қыздың тарапынан маған жасалған романтикалық әрекеттердің біразын көрдім... Мысалы, бірде мектептегі баға қоятын мұғалімнің журналына ұқсас дәптердің аяғына дейін әдемі суреттер мен сөздерді толтырып, ең соңғы бетіне менің суретіммен, маған бағытталған сөзді жазыпты. Тағы бірде бір қыз жұмсақ қонжықты сыйлады. Бірнеше күн өткен соң, қонжықты ұстап отырсам, жүрегінің ішінен қатты затты байқадым. Ішін ашып қарасам, маған арналған хат екен. Хатқа әдемі сөздер жазылыпты. Бұл өмірде ғашық болып көрген адам өмірдің, Аллаһтың берген ең қымбат сыйы екеніне көз жеткізеді. Сондықтан, сүйіп, сүйікті болыңыздар! 

19431 12
Рейтинг: +2

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 13 сәуір 2012, 18:20
Пікірлер
+0
13 сәуір 2012, 19:02

Жігердің танымал бола тұра, қарапайым екенін көп жерлерде байқаймын. Жарайсыз! :)

+0
13 сәуір 2012, 19:09

ооо Ғабит аға сізді осындай романтик деп ойламаппын :lol: Жігер ағаны ғой білеміз, сізге таң қалып отырмын :lol:

+0
13 сәуір 2012, 21:00

Оркин салем! маган неге жауап бермейсин??? :roll:

+0
15 сәуір 2012, 01:15

шынымен Ғабит ағаны романтик деп ойламаппын)))))))) ;)

+0
03 мамыр 2012, 11:00

Жауапсыз махаббат деген де ауру бар емес пе ?Сондай ғашық болған қиыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыын........................

+0
03 мамыр 2012, 11:09

әлі де ғашық болып жүрсің бе? :)

+0
06 мамыр 2012, 10:31

ҒАБИТ! АССАЛЯУМАГАЛЕЙКУМ! МАШААЛЛАҺ СІЗГЕ РИЗАМЫН!!!!!!!!!

+0
07 мамыр 2012, 02:04

Мен Ғабитті али кискентаааай мааа деп жүрсем..... :) Түріне қарасаң еркееее балапан сияқты...Романтикалық сый жасауда алдына жан салмайтын сияқты гой озиии.... :D Машаллах ....

+0
16 мамыр 2012, 00:19

Ғабит таңқалдырды. Жігерге сүйсініп отырмын. Айжанды басқалай ойлайтынмын. Барлығына ризамын. :)

+0
13 тамыз 2013, 01:35

Айжан дегенді, тіпті тобында танымайды екенмін, бірақ Меломеннің жігітерін... міндетті түрде. Өйткені олар менің ең сүйікті тобым

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
Би өнерінің қызықтары
Би өнерінің қызықтары

Би-менің екінші өмірім.

Автор: tansamal tolebay
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім

Жайна Сламбек:
Жайна Сламбек: "Мен уақытты қадірлейтін, миды "қоқыр-соқырмен" толтырмауға тырысатын адамдардың бірімін"

Бәрінің бастауы - көркем әдебиет. Кітап оқымайтын ұлтқа айналып барамыз, кілтипан...


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...