Оқи отырыңыз

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2012 / Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күнінің тарихы

Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күнінің тарихы

Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күнінің тарихы

Құрметті Массагет оқырмандары, бәріміз көптен күткен Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күні де есігімізді қаққалы жатыр. Барлығыңызды осынау ғашықтар күнімен құттықтай отырып, осы күн туралы аз-кем әңгіме-дүкен құрып, тарихын зерделеуге шақырамыз.

Ежелден-ақ адам баласы ұлы махаббат сезімін ерекше қадірлеп, қастерлеп келген. Соның әсері болса керек, әр халық осы сезімді құрметтеп, бағалануын тілеп, түрлі күндерді ойлап тапқан.

Енді елімізде махаббатты қастерлеудің жаңа дәуірі келе жатыр. Кіршіксіз махаббатқа толы жүрек иелері Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнін атап өтіп, осы күні барлық жақындарымызға, ғашықтарымызға сезімімізді білдіріп, құрмет көрсету әр қазақтың борышы болса керек.

1

Қос ғашықтың мазары

Бұл екі ғашық шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың төл перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл-қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылықтарға ұрынатына куә болады. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды. 

"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" жырында Көрпештің Баянға арнап айтқан мына сөздерін оқыған кім-кімнің де жүрегі тебіренері хақ:

Дүниеде ғашық қатты екен,

Көңілді бұған бұрғызды.

Бере ме тәңірім, бермей ме

Ынтық болған бір қызды?

Қосылғанша мен оған

Ішіме қайғы толғызды...

Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынып, бастама көтерген Дархан Мыңбай атты Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген ел ағасы. Мереке 1999 жылдан бері атап өтіліп келе жатса да, күшіне енді ғана еніп, жастарды қызықтырып, бір ойдың, бір идеяның астында жинап отыр.

Махаббат - дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті.

Олай болса, баршаңызды келе жатқан 15 сәуір - Ғашықтар күнімен құттықтай отырып, сүйіңіз, сүйгеніңіздің сүйіктісі болыңыз деген тілек айтамыз! Мереке құтты болсын!

сурет: flickr.com, visitkazakhstan.kz

Ілмек сөздер: ғашықтар күні, Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні, 15 сәуір, махаббат күні

Қосылған күні:
08 сәуір 2012, 23:05
Тегтер:
ғашықтар күні, Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні, 15 сәуір, махаббат күні
1337 0
Рейтинг: +0

Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс!
Пікірлер
+0
08 сәуір 2012, 23:10

керемет....

+0
08 сәуір 2012, 23:59

Еркебұлан, осы Қозы мен Баянның мазары барын білеміз. Ал Жібек пен Төлегеннің артында қалған қандай тарихи дерек бар???

+0
09 сәуір 2012, 11:19

Барлықтарыңызды келе жатқан махаббат мерекесімен құттықтаймын!

+0
09 сәуір 2012, 11:48

сізді де құттықтаймын!

+0
09 сәуір 2012, 12:32

бұл өтірік мереке. бірақ еңбектеріңіз керемет екен. Қозы мен Баянның тағдырын насихаттау артықтық етпейді.

+0
09 сәуір 2012, 12:48

қолдаймын молодцы

+0
09 сәуір 2012, 13:38

Келе жатқан мерекемен!

+0
09 сәуір 2012, 15:15

сізді де құттықтаймын!

+0
09 сәуір 2012, 16:44

құтты болсын мерекеміз!

+0
09 сәуір 2012, 18:17

15 сәуір - Пасха мерекесі құтты болсын! :)

+0
09 сәуір 2012, 18:38

Неге осы күн белгіленген, осы күнді таңдауға не себеп болған?
Тағы 1 жылдары 11 наурыз Қозы күні, 19 мамыр Баян күні дегендер болған (мектепте оқып жүргенде газеттен оқығамын) ол күндерді кім ойлап шығарған?

+0
09 сәуір 2012, 18:48

Мерекелеріңізбен :D

+0
09 сәуір 2012, 23:26

Бұның валентинадан түк айырмашылығы жақ, Маған ұанамайды. Қазаққа пайдасы жоқ. Ол туралы толығырақ мақала жазармын Инща Аллаһ!

+0
10 сәуір 2012, 12:35

Құрметті, Мұратбек! махаббат күні ешкімге де жаманшылық әкелмейді, Валентин куни дегенди де Қазақстанда тойлап жүр ғой, /тарихына қанықпаған азаматтар/ ал өзіміздің қазақтың махаббат күнін белгілегенін мен дұрыс деп есептеймін, осы өмірдегі қатыгездікке тұра алатын жалғыз сезім ол-махаббат!!!!!сондықтан келе жатқан мереке құтты болсын деймін!!!Жақын адамыңа "сүйемін" деп айтсаң, шын жүректен, еш артықшылығы, ағаттығы жоқ...ТАС ЖҮРЕКТЕР ЖІБІСІН!!!!!!!!))))))))))))))))))

+0
10 сәуір 2012, 09:51

Бұл қазақтың емес, тура валентинге ұқсайтын мейрам. Қозы мен Баянның көркем есімдерін ластағанша жою керек бұл мейрамды :evil:

+0
10 сәуір 2012, 10:20

Неге? Қазақ жастарының тек өздеріне ғана тән мерекесі болса, не айып!? Әулие Валентин күнін тойлап жүргеннен әлдеқайда артық емес па? Бұл мерекені жаңғырту да, жалғастыру да өзіміздің қолымызда сияқты!

+0
10 сәуір 2012, 12:06

Әркімнің өз ғашықтар күні бар....тіпті әр күні ғашықтар күні болуы мүмкін...бір күнге тіреп қою дұрыс емес деп ойлаймын...ешқашан валентин күнін де, өзге махаббат күндерін тойламаппын, тойламаймын да :!:

+0
11 сәуір 2012, 11:15

жастар шығарған мереке. ну енді конечно жастар шығарады. шо за словоблудие...

+0
11 сәуір 2012, 13:04

Өзіміздің төл мейрамымыз болғанға не жетсін?!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Ең қызықты блогтар

Кореяда істеуге болмайды...
Кореяда істеуге болмайды...

Корей еліне жолыңыз түсіп жатса ескеретін ережелер бар.

Автор: МАРАЛ ДЕМЕУ
Ауылда не болып жатыр?
Ауылда не болып жатыр?

Менің сіздермен бөліскелі отырған әңгімем өзіме қатты әсер етіп, ойландырған...

Автор: Bruce Lee
Әлемдегі ең ерекше жемістер
Әлемдегі ең ерекше жемістер

Бұл жемістердің дәмін ғана емес, өзінде көрмегенбіз...

Кезексөз:
Кезексөз: "Ерекше қызығушылығым"

Кеш болса да қабыл алыңыздар.

Автор: Есіл еркесі
Әлемдегі ең ерекше қонақүйлер
Әлемдегі ең ерекше қонақүйлер

Дем алу үшін бұл қонақүйлерден артығын таба алмайсыз...

Қазақтың шетелге танылуы
Қазақтың шетелге танылуы

Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5,4 млн. деп есептеледі

Автор: adilkhan khassanov

Соңғы аудармалар

Сәлем, бейтаныс жан! / Hello Stranger!
Сәлем, бейтаныс жан! / Hello Stranger!

Түпнұсқа атауы - Hello Stranger Орысша атауы - Привет, незнакомец! Мемлекет: Тайланд Жылы: 2010 Түрі: толықметражды фильм Актерлер: Нуна, Chantavit Dhanasevi, т.б. Режиссері: Banjong Pisanthanakun Жанры: романтика, комедия Аударған:...

Ештеңе етпейді, бұл – махаббат / It’s Okay, It’s Love (4-бөлім)
Ештеңе етпейді, бұл – махаббат / It’s Okay, It’s Love (4-бөлім)

Түпнұсқа атауы: It’s Okay, It’s Love Мемлекет: Оңтүстік Корея Жанры: мелодрама, комедия Жылы: 2014 Серия саны: 16 Рөлдерде: Ин Сон Чо, Хё Чжин Гон, Дон...

T-Ara - Cry Cry Ballad ver [қазақша субтитрмен]
T-Ara - Cry Cry Ballad ver [қазақша субтитрмен]

T-ara (Tiara/ 티아라) - 2009 жылы Mnet Media агенттігі құрған оңтүстік кореялық қыздар тобы. Дебютке дейін көпшіліктің сұранысында жүрген "Super Rookies" («Супер Жаңа») деген...