Барак Обама президент сайлауында жеңіске жетті

Барак Обама президент сайлауында жеңіске жетті

Сайлаудың алдын ала нәтижелері бойынша, Демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер Барак Обама президент сайлауында жеңіске жетті. Қазіргі қызметтегі америкалық көшбасшыны 275 сайлаушы, ал Республикалық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер Митт Ромниді 203 дауыс беруші қолдады, деп хабарлайды Bnews.kz. 

АҚШ-та кезекті президент сайлауының басталғаны туралы хабарлаған едік. 57-кезекті сайлау түрлі деңгейдегі 14 мың сайлау өкілдер палатасы мен штат губернаторларын да қамтып отыр.

Ал, АҚШ-тың Қазақ еліндегі елшісі Кеннет Дж. Фэйрфакс бұл жолғы сайлауда жарнаманың көп болғанын айтады. Оның ойынша, АҚШ президентін сайлауда кандидаттардың жарнамалық науқанын шектеусіз қаржыландыру туралы шешім дұрыс емес екен.

Екінші кезеңге қайта сайланған Барак Обаманы Массагет ұжымы да құттықтайды!

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: glomu.ru

M. Auelkhan