- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Рим әскерінің әуелгі...
Рим әскерінің әуелгі сөздері
Ер жігіттің қандай болуы керектігін осыған дейін де жазған болатынбыз. Бұған дейін нағыз самурайлардың батыл болу туралы айтылған сөздерін тізсек, ендігіде Рим легионерлерінің ұранын білуге шақырамыз.
«Әскери іс» («Военное дело») римдік теоретик Вегецияның еңбегі. Ол IV–V ғасырларда өмір сүрген. Барлық соғыста өзіңе пайдалылардың барлығы да жауыңа зиян болып тиеді, ал дұшпаныңа пайдалысы саған зиян. Бұл ең бірінші ереже. Жеңудің бір жолы да дәл осы тұжырымға келеді екен. Мәселен, әрбір жасаған ісің жауыңа теріс әсерін тигізуі тиіс. Сен ойлап, бірақ жасап бітпеген жоспар жауыңның ең үлкен жеңісі. |
Жауың мен өз күш-қуатыңды дұрыс бағалай алсаң ғана жеңесің, жеңілсең де оңай берілмеуге болады. Жаудың санынан емес, ержүректілігінен сескен. Әскер еңбек етсе ғана гүлденеді, ал еңбексіз әскер қартаяды, әлсіз бола түседі. Соғыс басталмай тұрып жауыңның ойын адастыра алсаң, бұл жартылай жеңіс болып саналмақ. |
Жауыңды ол күтпеген істеріңмен таңғалдыр. Ойда жоқта әрекет ету пайдалы. Қорқып, өзіне өзі сенімсіз болып тұрған әскерді соғысуға жіберу – ақымақтық. Өз әскерін қарапайым басқару жүйесімен басқару ең ұтымдысы. Еңбекпен, ержүректілікпен тәрбиеленген әскер әрқашан да әр іске ынтымақтастықпен кіріседі. Ал қорқынышпен, айғаймен басқарылған әскер жалғыз соғысу тактикасын таңдап, соңында әлсіздене түседі. |
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: furfurmag.ru
А. Құлтай