Лондондағы Гарри Поттер мұражайы

Лондондағы Гарри Поттер мұражайы

Көрермендердің ең сүйікті кейіпкерлерінің бірі Гарри Поттер атындағы мұражай фильмнің түсірілім жұмыстары өткен Уотфордтағы Leavesden Studios киностудиясында орналасқан. Мұражай залында сиқырлы аңыздың көріністері қолымен ұстап көруге боларлықтай етіп қойылған. 

Келушілер Косом бойымен қыдырып, Хогвартстың түскі ас ішетін үстелдерінде отырып, Дамблдордың жұмыс кабинетіне, жатақханаға кіріп көре алады.

Сондай-ақ фильмді тамашалап отырып өзіңіз әбден тамсанған «Тәттілер патшалығындағы» шекерлі қауырсындар мен карамельді бомбалардың дәмін татуға, «Үш сыпырғыш» шарапханасынан сыра ішуге мүмкіндігіңіз бар.

Керек десеңіз, Эмма Уотсонның, Руперт Гринның, Дэниел Рэдклиффтің грим жасайтын бөлмелеріне кіруге рұқсат берілген.
Мұражайдың ең басты көрнекілігі – Хогвартс сарайының 16 метрлік макеті: мектеп мұнарасында факельдер жанып, арнайы көмескі жарықтар күн мен түнді алмастырып тұрады.

Суреттер:fish32.livejournal.com,arrivo.ru,travel.tochka.net,ya-ru.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева