Айдағы АҚШ-тың жалауы жоғалып кетті

Айдағы АҚШ-тың жалауы жоғалып кетті

Ғаламшараралық станцияның жаңа түсірілген суреттерін көру арқылы анықталған бұл жағдай NASA мамандарының таңдануына себеп болды. Олар өздерінің айда қойылған бірнеше жалауының бірі жоғалып кеткенін анықтаған. Ендігі мәселе ұлттық тудың қалай және қашан жоғалып кеткендігі болып отыр.

Айға қатысты жобаларға қатысқан ғалым Марк Робинсонның айтуынша, айдың бетіне қондырылған бес жалау өз көлеңкелерін түсіріп жатыр. Дегенмен, алтыншы ту ес-түссіз жоғалып кеткен. Әзірге, тек «Аполон-11» зымыранының ұшу кезінде, оның жанып кету мүмкіндігіне қатысты болжам жасалынып отыр. Робинсонның өзі жалаулардың осынша уақыт бойы ультракүлгін сәулелеріне және температураның күрт өзгеру үдерісіне (+120-нен -170-не дейін)  төтеп беріп келе жатқанына аң-таң болып отырғанын айтады.

Әзірге жалаулардың нақты жағдайы белгісіз, бірақ олар өз көлеңкесін түсіріп келеді. Демек, олар сақталып қалған. Ал алтыншы жалауды кім ұрлағаны немесе қалай жоғалып кеткені ғалымдар үшін құпия күйінде қалып отыр.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.blastr.com

Ж. Өрісбай