Бұл кісі басқалардың қолынан келмейтін іс жасайды

Бұл кісі басқалардың қолынан келмейтін іс жасайды

Күніне қаншама сәби далаға тасталып, қатігез өмірмен бетпе-бет келіп жатыр. Оңтүстік Кореялық мына пастор өмірін дәл осындай қиын жағдайға тап болған балаларға көмектесуге арнаған.

Пастор Ли Чон Ранк оларды құтқару үшін арнайы пошта жәшігін орнатып, балаларынан безген ата-аналардан балаларын далаға емес, осы жәшікке тастап кетуін сұрайды. 

ыв

Жәшік шіркеудің қабырғасына орнатылған. Жылытқыш пеші мен түтін детекторы бар.

ы

Статистика бойынша, Сеулда жылына жүздеген сәби далада өлім құшады екен.

ыв

Сондықтан, пастор бұл қиын жағдаймен күресуге бел байлапты. Оның айтуынша, барлық сәби бақытта өмір сүруге құқылы.

о

Бұл кісінің ісі мақтауға әбден лайық. Әлемде мейірімді адамдардың көп болғаны қандай жақсы.

 

Дайындаған: Елбарыс Махамбет

суреттер: vimeo.com

М. Бисембаева