Құдайлар шайқасының нәтижесінде пайда болған Крейтер көлі

Құдайлар шайқасының нәтижесінде пайда болған Крейтер көлі

Крейтер – әлемдегі ең танымал, суы мөлдір таза көлдің бірі. Оның мінсіз жарқырауы, уақыт өте келе күңгірттенуі адам баласын қызықтырады. Ол - Орегонның оңтүстік бөлігінде орналасқан ғажайып жанартаулық құбылыс. Ал терең көлдің тағдыры таңдай қақтырады. Көл осыдан 7 700 жыл бұрын пайда болған. Бұдан өзге тереңдігі 1 220 метр болатын кальдерді толтырып отырады.


1902 жылдың 22 мамырында Крейтер көлінің арқасында АҚШ-да ұлттық бақ пайда болған. Көл туристерді ынтықтыратын, басты байлығы болып саналады.


Көлдің сыртқы өлшемі – 8 х 9,6 шақырым. Ең терең жері 594 метрді құрайды. Тереңдігі бойынша әлемде жетінші, Солтүстік Америкада екінші орын алады.


Ең алғаш оны 1853 жылы 12 маусымда Джон Уэсли Хиллмэн көріп, «Терең көк көл» деп атаған. Бүгінгі таңға дейін көлдің аты үш мәрте өзгерген: «Көк көл», «Ұлы көл» және «Кратер көлі».


Жергілікті америкалық Кламас тайпасының аңызы бойынша, Мазама тауында Скелл және Ллео атты құдайлардың арасында шайқас болған. Сол жойқын шайқастың нәтижесінде Мазама тауы жойылып, орнына Крайтер өзені пайда болған. Аталған тайпаның адамдары Крейтер көлін елес іздеу үшін пайдаланған.


2005 жылы АҚШ-та осы көлдің суреті бар тиын шығады.

Зерттеулер Крейтер көлінің түбінде гидротермальды белсенділіктің болып тұратынын айтады. Яғни Мазама жанартауы кез келген уақытта қайтадан оянуы мүмкін.

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай