Жер шарындағы тылсым «түпсіз тұңғиықтар»

Жер шарындағы тылсым «түпсіз тұңғиықтар»

«Біз өмір сүріп отырған алып планетада «түпсіз тұңғиықтар» шынымен де бар ма?» деген сұрақ ғылымға, өзгеше жаңалықтарға мойын бұра жүретін әрбір адамды ойландырмай қоймайды. Олар соның сырын ашқысы, зерттегісі келеді. Негізінде жер жұмыр жаратылыс, ол жер қыртысы, жер мантиясы, жер ядросы бөліктерінен құралғандықтан, онда біз айтып отырған тылсым «түпсіз тұңғиықтардың» болуы мүмкін емес. Біз көріп жүрген әр түрлі жанартау үңгірі, жер жарықшақтары, сызаттары, тіпті жанартау ауыздары да жер қыртысының тая жеріндегі құбылыстар ғана. Алайда, қытайдың ежелгі кітаптарында, әлемнің өзге жұрттарының жазбалары мен халық арасында осынды түпсіз тұңғиықтардың бар екен айтылған.

Бүгін біз тілге тиек еткелі отырған түпсіз тұңғиық жер – Грецияның Ягиз ежелгі қаласының теңіз жағалауында орналасқан. Ол шалқар теңізге төніп тұрғандықтан, қатты тасқынды боран болғанда жөңкілген теңіз суы жер-көкті зілзала етіп осы тұңғиыққа құйылады және дүлей толқынды қатты ағып қалыптастырады екен. Санаққа негізделгенде, әр күні тұңғиық шүңетке ағып кіретін теңіз суы 30 мың тоннадан асады. Бір ғажабы, осыншама мол теңіз суы жылдар бойы тұңғиыққа құйылса да, оны толтыра алмапты. Осы түпсіз тұңғиықтың жер бедері тасты өңірдегі шұңқыр, тік құдық, әңгек болып табылады екен. Алайда 20 ғасырдың 30-шы жылдарынан бері жұрт әр алуан құлшыныстар жасап, оның шығар ауызын табуға талпынса да, үміттері селге кетті.

Осы тылсымды ашу үшін, 1958 жылы АҚШ жағырапия ғылымы қоғамы барлап-бақылау тобын ұйымдастырды. Олар ұзақ уақытқа дейін өзгермейтін түрлі-түсті бояуды теңіз суында ерітіп, теңіз суына қалай шөгетінін бақылады. Іле-шала тағы да маңындағы теңіз айдыны мен аралдардағы өзен, көлдерді қарап, көзден кешіреді де, мұндай бояулы суды табуды ойлайды, бірақ бұл әрекеттен  еш нәтиже шықпайды.

Бірнеше жылдан кейін, олар тағы да жаңадан сынақ ретінде солғын роза гүлі түріндегі пластикалық материал жасап шығады. Бұл судан сәл жеңіл, су бетінде батып кетпей қалқып тұратын әрі суда ерімейтін пластик түйіршіктер еді. Олар осы түрдегі заттың 130 килограмын иықтарымен көтеріп, толық атқан теңіз суына түгелімен батырып жібереді. Барлық пластик түйіршіктер ағынмен бірге көзді ашып-жұмғанша тұтасымен түпсіз тұңғиыққа батып кете барады. Зерттеушілер басқа бір жерден бір түйір пластик шыға келер деген үмітпен түпсіз тұңғиықтың ауызын табуға айдын-шалқар теңізге аттанып кетеді. Олар сан мыңдаған адамдады іздеуге шақырып, бүкіл әлемнің түкпір-түкпірінен бір жылдан астам уақыт іздесе де әлгі түйіршіктердің бірде-біран таппаған.

Дәл бүгінгі күнге дейін бұл өңірдегі теңіз суындағы ұшы-қиырсыз әлгі түпсіз тұңғиықтың қайда екенін, әл күні оған кіріп жатқан судың қайда кетіп жатқанын ешкім де білмейді. Бұл шынында ғажап дүние.

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: nipic.com

M. Auelkhan