Әлемдегі ең үлкен қария 179 жаста

Әлемдегі ең үлкен қария 179 жаста

Үндістанның солтүстігіндегі Варанаси қаласының тұрғыны Махашта Мураси «Тарихтағы жасы ең үлкен адам» ретінде Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді. Бұл туралы «Worldnewsdailyreport.com» интернет-порталы хабарлап отыр.

Махашта Мураси 1835 жылдың маусым айында дүниеге келген. Яғни бүгінде ол 179 жасты алқымдап қалды.

Әлем назарын аударған қария өз сұхбатында: «Мен осыншама көп жасап келемін, тіпті, шөберемнің де өлгенін көрдім», - дейді.   

Махашта Мураси 1903 жылдан 1957 жылға дейін Варанаси қаласында етікші болып жұмыс жасайды. Ол етік жөндеп жүрген кезде 122 жаста болған екен.

«Қандай да бір себептермен өлім мені ұмытып кеткен сияқты. Статистикаға назар аударыңыздаршы. 170-ті айтпағанның өзінде, ешкім әлі 150 жасқа жетіп көрген емес. Соған қарағанда мен ажалсыз адам шығармын», - дейді ол.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

сурет: Worldnewsdailyreport.com

Н. Айдархан