Жан тебірентер суреттер

Жан тебірентер суреттер

Әлемде адамдар әр түрлі тілде сөйлесе де, сезім бәріне ортақ. Олар бір тілде жылайды, бір тілде қуанады. Байқай білген, сезіне білген адамға өмір мейірімге толы. Тек оны аялап, мәнді де сәнді етіп өткізу үшін көңілдерді кір шалмасын деп тілейік.

Бүгін назарларыңызға бір көріп, көңіл түкпірінде сақталып қалар сезімге толы сырлы суреттерді ұсынамыз.

Он жеті жастағы Джейн Роуз Кэсмирдың Пентагондағы соғысқа қарсылық кезінде солдаттарға гүл беру сәті. 1967 жыл.

Корей елдері отбасыларының қауышуынан кейін Солтүстік Кореялық тұрғынның Оңтүстік Кореялық бауырымен қоштасу сәті.

Монах жолбарысты тамақтандыру үстінде.

Үш апталық альбинос-бала сыңарын құшақтап жатыр.

Подполковник Роберт Л. Стерм Вьетнам соғысынан кейін отбасымен қауышуда.

Бали тұрғыны бамбук сырнайымен мүгедек баланың көңілін аулауда. Ол бұл баланы өз тумасы болмаса да туған ұлындай жақсы көреді. 

Жиырма үш сағатқа созылған жүрек ауыстыру отасын сәтті аяқтаған хирург. Бұрышта көмекшісі ұйықтап жатыр.

Емделуші жазылып қана қоған жоқ, дәрігері 2009 жылы дүние салғанда да тірі болды. 

2013 жыл, 16 қазан. Таня Сэйн отбасы құрғанына бір жыл толған күні күйеуінің бейітінің басында.

Азаматтық соғыс кезінде журналист кішкентай баланы құтқарып көпір үстінде жүгіріп келеді.

Клара Грантт Корей соғысында жоғалып кеткен күйеуін 60 жылдан кейін мүрде күйінде көрді.

Филиппиндегі су тасқыны кезінде жас бала итін арқалап барады. 2013 жыл, тамыз.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: adme.ru

Н. Айдархан