- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Пирамидаларды тұрғызған египеттік...
Пирамидаларды тұрғызған египеттік құлдар емес
Әлемнің жеті кереметінің қатарындағы Египет пирамидалары айналасындағы қауесет осыдан 1-2 жыл бұрын-ақ айтыла бастаған болатын. Десе де, ғалымдар бұл ақпаратты әлі күнге дейін таратпай келеді. Себебі, зерттеу нәтижесі осыған дейін бізге тарих кітаптарында айтылған тұжырымдармен мүлде сәйкес келмейді.
Біршама уақыттан бері ғаламшарымыздан алып адамдардың қалдығы табылып жатыр. Осыған дейін адам сүйектері теңіз бен мұхит астынан да, тау мен тастан да қазылды. Тәуелсіз зерттеушілер тобы осы олжаны мұхият сараптай келе ақиқатты жариялады. Осыдан 12-20000 жыл бұрын біздің ғаламшарымызды бойларының ұзындығы 4-12 метр аралығындағы алып адамдар мекен еткен екен. Бұл тым көп уақыт емес қой? Ол адамдардың күш-қуаты ғана емес, ойлау қабілеті де жақсы дамыған көрінеді.
Сонымен, бұдан шығатын қорытынды: әлем мойындаған осы бір ежелгі құрылысты біз білетін құлдар емес, тәуелсіз адамдар тұрғызған. Тіпті, кейбір деректерде олардың ауқатты, лауазымы жоғары адам болғандықтары айтылады. Және құрылыс жұмыстарына грек тарихшысы Герадот айтқандай 100 мың адам емес, 10 мың адам қатысқан екен.
Египеттің ежелгі мұралары жөніндегі Жоғарғы кеңестің директоры Захи Хавастың айтуынша, жоғарыда аталған адамдардың алғашқы сүйектері 1990 жылы табылған екен. Алайда, Хеопс пирамидалары маңындағы адам денелері ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында ғана табылған. Олардың жасы перғауындардың заманымен сәйкес келіп отыр. Тәуелсіз ғалымдар тобы олар соққан пирамидалардың саны 600-ге жеткендігін де айтады.
Бүгінде осы тақырып төңірегіндегі тартыс-таластар қызу жүруде. Ақиқаттың беті де таяуда ашылып қалар.
Сіз қалай ойлайсыз? Расымен де, египеттік құлдардың пирамидаларға қатысы бар ма? Әлде, алып адамдарға сенгеніміз дұрыс па?
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: www.kulturologia.ru, 1000interesov.blogspot.com, blog.i.ua