- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Болашақтағы мың жыл...
Болашақтағы мың жыл
Адамдардың болашақ туралы ой-қиялында шет-шекара болмайды, ол туралы армандауды тоқтатқан емес. Шетел ақпарат құралдарында адамзаттың келесі мың жыл ішіндегі өзгерістері жайлы межелік айтылымдар пайда болды.
2100-2200 жылдары әйелдер біртіндеп ерлер басқарған дүниенің орнын басады. Адамдардың орташа ғұмыр жасы қазіргіден екі есе артады.
2200-2300 жылдары жан саны қауырт артып, адамдар теңіз балдыры, теңіз өсімдіктерін қорек етеді.
2400-2500 жылдары бір бөлім адамдар өзге ғаламшарларға барып қоныстанса, тағы бір бөлім адамдар теңіз асты қаласына қоныс аударады.
2500-2600 жылдары адам денесіндегі аяқ-қол, тіпті бас бөлімін кез-келген уақытта өзара алмастыра беруге болатын көрінеді.
2700-2800 жылдары басым көп бөлім адам басқа ғаламшарға барып қоныстанады, жер тұрғындарының жан саны азаяды.
2800-2900 жылдары жер шарындағы адамдар бейбіт, бақытты тұрмыс өткізеді.
2900-3000 жылдары жер шарындағы адамдардың сыртқы келбеті бізбен қарайлас болуы мүмкін, бірақ, бойының биіктігі екі метрден асады. Олар қазіргі адамдардан да жалқау болады.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: earth-chronicles.ru
M. Auelkhan