- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- 40 жыл ұйықтамаған...
40 жыл ұйықтамаған жауынгер
Поль Керн – Бірінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан венгрлік жауынгер. Ол қан майданда ержүректілігімен ерекше көзге түсті, оның ротасындағы сарбаздардың барлығы қаза болғанда да, ештеңеден тайсалмастан күресін жалғастыра берді. Осындай ерлігі үшін Польға "Батыр" атағы мен түрлі марапаттаулар берілген екен.
Алайда, барлық әскери қабілеттеріне қарамастан, Поль жарақат алады. Жарақаттың ауырлығы соншалықты, адам тірі қалмау керек болатын. Бағына орай, жауынгер аман қалды.
Оқ оның самайына тиеді де, миының жарты бөлігі зақымдалады. Оқ маңдай аймағының түгін қалдырмайды. Мұндай жарақаттан кез келген адам өліп кететін. Польдің өмірінде өзгерген бір ғана нәрсе болды – ол ұйықтай алмай қалды. Мүлде.
Дәрігерлер жауынгерді мұқият тексерістен өткізгенімен, тірі қалудың себептерін таба алмайды. Енді Польдің өміріндегі басты арман – ұйқы, басты қиындық – ұйықтай алмау болды. Әртүрлі ұйықтататын дәрі-дәрмектердің де әсері болмайды. Сұмдық, нанғысыз болып естілуі мүмкін, бірақ, Поль еш қиналмайды, себебі, оның жүйке жүйелері де істен шығып қалған екен.
Венгр азаматы өзін мүсіркейтіндерге ренжіп, керемет сезінетіндігін жиі айтатын болған. Осылайша Поль Керн 40 жыл бойы ұйқы көрместен, 1955 жылы қайтыс болады.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: byaki.net
С. А