Эфиопиядан 160 жастағы адам табылды

Эфиопиядан 160 жастағы адам табылды

Эбба есімді қарт 1895 жылы италияндық әскер Эфиопияға кіріп келген кезде оның екі әйелі және ересек баласы болғанын айтады.

Дәл қазіргі кезде оның туған-туысқандары туралы еш дерек жоқ. Эббаның жеке құжаты да, туу туралы куәлігі де жоқ, ол мұны туған кезінде елінде ешқандай да қағаз болмағанымен түсіндіреді.


 

Оның жасын дәрігерлер шамамен өлшеуге тырысып көрмек, ал егер оның айтып отырғаны рас болып шықса Дакабо Эбба әлемдегі ең қарт адам атанбақ.

Бүгінге дейін ең қарт саналып келген адам жапондық Джироэмон Кимур 116 жаста болған еді. Ол 1897 жылы 19 сәуірде туылып, 2013 жылы маусым айында қайтыс болды.

Одан кейін жер бетіндегі ең қарт адам титулын франциялық Жанна Кальман алды, ол 122 жыл 164 күн өмір сүріпті.  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: furfurmag.ru

А. Құлтай