- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Жеуге жарамды суреттер...
Жеуге жарамды суреттер
Бір қарағанда, көз алдыңыздағы туындылардың барлығы дерлік қолмен салынған болып көрінеді. Бірақ, олай емес...
Лондон қаласында жұмыс істейтін Карл Уорнер атты аустралиялық фотограф жақында ғана «Foodscapes» атты тағам пейзаждары топтамасын ұсынды. Оның суреттеріндегі таулар - наннан, ағаштар – броккольден, толқындар – орамжапырақ жапырақтарынан, ал тастар – картоптардан жасалған.
Карл Уорнер жеуге жарамды суреттердің біреуін жасауға бірнеше күнін арнаған. Ол суреттің сызбасын алдын ала жасап алып, бір күнін дүкен аралауға жұмсаған. Ал қалған 2-3 күн уақыты жемістер мен көкөністерді үйлестіріп, суретке түсіргенге кеткен екен.
Назарларыңызға Карлдың суреттер топтамасын ұсынамыз:
Суреттер:edavkadre.livejournal.com,vk.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева