"Протон-М" орбитаға спутниктерді жеткізе алмады

"Протон-М" орбитаға спутниктерді жеткізе алмады

Ғарышқа "Экспресс-МД2" және Telkom-3 байланыс спутниктерін шығаруға тиіс боған "Протон-М" ракета тасымалдағышының ұшырылуы сәтсіз аяқталды. Бұл туралы РИА Жаңалықтар хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, апатқа себеп болған - "Бриз-М" екпіндету блогында орын алған қателіктер. Айта кетелік, "Бриз-М" Хруничев атындағы орталықта құрастырылып шыққан болатын. "Осылайша, екпіндету блогының дұрыс жұмыc істемеуінің себебінен спутниктер құрдымға кетті", - деп отыр өнеркәсіп өкілдері. Telkom-3 ғарыш аппаратының "Бриз-М" блогынан бөлінуі 7 тамыз күні 08.44-те орын алуы керек болатын. Ал "Экспресс-МД2" аппаратының бөлінуі сол күні 09.04 -ке жоспарланған еді.

"Экспресс-МД2" байланыс спутнигі Хруничев атындағы орталығы мен итальяндық Thales Alenia Space бөлімшесінің ортақ жұмысының нәтиежесінде құрастырылып шыққан. Ғарыш аппаратының негізгі қызметі Ресей Федерациясы спутниктің байланыс және хабар тарату жүйесі аясында ақпарат арнасын үздіксіз ретрансляциялау болатын. 

Ал Telkom-3 аппаратының құрастырушысы Ресейдегі Решетнев атындағы ААҚ "Информационные спутниковые системы" болып табылады. Индонезия мемлекетінің тапсырысымен жасалған спутник Индонезия мен Үндіқытайда телевизиялық хабар таратуды қамтамасыз ету керек болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: forbes.ru