Ұйқыдағы ару өзін сүйіп оятқан жігітке тұрмысқа шығады...

Ұйқыдағы ару өзін сүйіп оятқан жігітке тұрмысқа шығады...

Киевтің ұлттық көркем-сурет мұражайында тамыздан бастап жаңа жоба іске асырылмақ. Яғни мұражайға келген адамның сүйгенінен ұйқыдағы ару оянатын болса, ол оған үйленуі тиіс болады.

Тартымды да танымалдылығы артып келе жатқан жобаның авторы украин-канадалық суретші Тарас Полатайка. Осы бір қиял әлемінде кезіп жүрген өнер адамына 1697 жылы Шарль Перрон жазған ертегі ой-түрткі болған.

Аядай ғана ертегі желісінде "Қарғысқа ұшырап 100 жыл ұйықтауға тиіс ару оны жақсы көретін ханзада сүйгенде ғана оянады" - делініп келген еді. Енді беймәлім ару ұлттық мұражай ғимаратында күнделікті "ұйықтайтын" болады. Ал өз кезегінде бикеш ұйықтап жатқан залға кіруші адам "Мен аруды сүйген соң, ол оянатын болса, оған үйленуге келісемін",-деген мәлімдемеге қол қойып кіреді.

Бұған тиесілі "ұйқыдағы ару да" "Сүйген кезде, мен ұйқыдан оянып кетсем, сол адамға тұрмысқа шығамын",- деген  келісім-пәтуаға қол қояды.

Айта кетсек, ару қыз ұйқысынан оянған  күні "көрме" жұмысы тоқтатылады.

Қазіргі таңда жобаның басы-қасында жүргендер "Ұйқыдағы ару" болғысы келетін қызды іздестіруде. Талап бойынша ол 18 жастан асқан, күйеуге шығу ниеті бар, тұрмысқа шықпаған адам болуы тиіс.

Сурет:liveinternet.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига