- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Өміріміз шоколадтай тәтті...
Өміріміз шоколадтай тәтті болсын
Бүгін әлемнің кейбір елдерінде шоколад күні. Франциядан бастау алған бұл көңілді мейрам шоколадқа деген ерекше құрмет туғызды.
Самсаған сан түрлі ас-ауқаттың ішінен осы бір тәтті тағамға басымдық берілуінің бірден-бір себебі - шоколадтың жүйке жүйесін тыныштандыра алатын қасиетке ие екендігінде жатса керек.
Бүгінде бұл күнді атап өтпейтін ел сирек. Германия, Швейцария, Испания елдері бұл күні шоколад көрмелері, шоколад жәрмеңкелерімен қоса, түрлі байқаулар ұйымдастырады. Бельгияда арнайы шоколадтың мұражайы болса, Швейцарияда бұл күні шоколад пойызына мінуге болады. Ал АҚШ шоколад күнін жылына екі мәрте тойлайды екен.
Біз шоколад арқылы мінезді тануға болатынын жазып өтсек, блогшыларымыз шоколад пайдасы мен зиянының ара жігін ажыратып айтқан еді.
Біздің елде қанатын жайып үлгермеген "тәтті" мереке көңілдерді бір серпілтері анық. Өміріміз шоколадтай тәтті естеліктерге толы болсын!
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: art-pr.eu, zastavki.com
Р. Роза