Бөрінің 9 қасиеті

Бөрінің 9 қасиеті
Фото: Vigilance Wiki - Fandom

Түркі ұрпағы үшін көк бөрінің орны бөлек. Назарларыңызға түз тағысының 9 қасиетін ұсынамыз.

1) Орайын күту – бөрі өзі әлсіз уақытта қандай да бір қауіп-қатер немесе басқа да қажеттіліктер болса да, өзінен күштілерге шабуыл жасамайды;

2) Бірлік – бөрі өзінен күшті дұшпанға қарсы тұруға мәжбүр болғанда, міндетті түрде топтанып шабуыл жасайды;

3) Өзін білу – бөрінің хайуанаттар патшасы болудан дәмесі де бар, бірақ, ол әр уақыт сайын өзінің арыстан емес екенін сезініп, қасқырлық қасиетін сәт сайын ойына түсіріп отырады;

4) Әліптің артын бағады – бөрі өте байсал қимыл жасауды, ойланып әрекет етуді қалап тұрады. Аз тер төгіп, көп олжа табуды көздейді;

5) Тең алға жылжып, тең шегіну – «Бөрі азығы жолда» дегендей, жалғыз жорту оның басты қасиеті болса да, олар шабуылға тең шығады және жаралы қасқырды арпалыс болған майданға қалдырмайды;

6) Өзін және өзгені түсіну – бөрі барлық дұшпанын құрметтейді. Әр реткі шабуылдан бұрын, өз нысанын жан-жақты түсінуге талпынады, әр жауын әлсіз ретінде қарамайды. Сондықтан, бөрі үнемі жеңіске жетіп отырады;

7) Жанашырлық – бөрінің еркегі аналық қаншық ішті болғаннан, бөлтірік бауырын көтеріп, аң қуғанды үйренгенге дейін сырттай күзетіп, бөлтірік пен енесін қорғап жүреді;

8) Дара өмір сүру – қаншық қасқыр бөлтірігі дара өмір сүруге бейімделе бастағанда, одан жырақтап кетеді. Сондықтан, олардың заңдылығына «Болсаң бөрі бол, болмасаң бордай тоз» деген тәмсіл келеді.

9) Еркіндік сүйгіш – бөрі емін-еркін, жалғыз жүріп аш өлуге пейілді болса да, дайын ас үшін басқа өзі тектес жыртқыштарға еркелеп, құйрық бұлғақтатуға жаны қас.

M. Auelkhan