- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Сағыз ми жұмысын...
Сағыз ми жұмысын жақсартады
Жапония ғалымдары сағыздың ми жұмысына жақсы әсер ететіндігін айтты.
Зерттеу жұмысымен Радиология ғылымдары ұлттық институтының мамандары айналысты. "Осы уақытқа дейін сағыздың ми жұмысына зиян екендігі айтылып жүрген еді. Дегенмен біз бұл теориямен келіспейміз", - деді ғалымдар.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде сағыз мидың сегіз бөлігіндегі қан айналым жүйесін күшейтіп, нәтижесінде ми жұмысы жақсаратындығы анықталды. Ғалымдар бұндай шешімге 30 минуттық тәжірибе-тесттен кейін келген екен. Тәжірибеге қатысушыларға сағыз ұсынылып, 30 минут азаматтардың миын сканерден өткізіліп отырған. Алынған мәліметтер сарапталған соң сағыз шайнаған кезде адамның байқағыш, есте сақтағыш болатындығы белгілі болды. Сонымен қатар, жүрек соғысының ритмі де жақсарады.
"Дегенмен сағыздың қысқа мерзімді есте сақтау қабілетін төмендететіндігін ұмытпау керек", - деді ғалымдар.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: mamininteres.ru