- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Петронас Мұнаралары...
Петронас Мұнаралары
Петронас мұнаралары – Малайзия астанасы Куала-Лумпурде орналасқан аспанмен таласқан 88 қабатты биік ғимарат. Мұнаралардың биіктігі 450 метрден асады. Атақты ғимарат ислам стилінде тұрғызылған, пішінінің үлгісін Малайзия премьер-министрі Махатхир Мухаммедтің өзі ұсынған. Петронас мұнараларының құрылысы 6 жылға созылған.
Бүгінгі күні көк тіреген зеңгір үйдің ішінде әр түрлі мақсатта пайдаланылатын кеңселер, көрмелер мен конференциялар өткізілетін залдар және сурет галереялары орын тепкен.
Петронастың тұрғызылуына кеткен қаржы көлемі 800 млн долларды құрайды. Қаржының басым бөлігін Мұнараның есімі берілген мемлекеттік мұнай компаниясы бөлген. Ал майда-шүйде шығындарды бүгінде ғимараттағы кеңселерге иелік етіп отырған басқа фирмалар көтерді. Мұнараларды бір-бірімен ұзын өткелдер жалғап тұр.
Мұнараларда 10 мың адам жұмыс істейді, олардың кейбірі осында өмір сүреді. Айта кететін тағы бір қызықты жағдай, Петронас Мұнараларының терезесін жуу үшін қызметкерлердің бір айдан астам уақыты кетеді екен.
Құрылыстың негізгі материалы – мықтылығы жағынан болатпен салыстыруға әбден болатын жеңіл бетон. Өйткені болат Малайзия үшін тым қымбат материал. Осының әсерінен Мұнаралар басқа ғимарттардан екі есе ауыр.
Суреттер: venividi.ru, seetheworld.ru, bharian.ru