Ұлыбританияда «сөйлейтін» ескерткіштер пайда болды

Ұлыбританияда «сөйлейтін» ескерткіштер пайда болды

Тамыздың 19-шы жұлдызында Ұлыбританияның Лондон мен Манчестер қалаларының көшелерінде орналасқан отыздан астам ескерткіш «сөйлей» бастады. Атақты адамдар мен кино, ертегі кейіпкерлерінің ескерткіштеріне қоңырау шалсаңыз болғаны, олар өз өмірлері жайлы айтып береді.

Қоңырау шалу оп-оңай: ескерткіштің төменгі жағында көрсетілген ерекше QR кодын смартфоныңызға сканерлеп, веб-браузерге кірсеңіз, алдыңызда тұрған ескерткішке қоңырау шалынады.


«Қазіргі кезде еленбей қалған ескерткіштер өте көп. Осы жоба арқылы атақты ескерткіштерге жаңа өмір сыйлап, олар жайлы туристер мен қала тұрғындарына көптеген мағлұмат бергіміз келеді. Қазір біз жазушылармен, комедиялық актерлармен тығыз жұмыс жасаудамыз» - дейді жобаның авторы, Sing London компаниясының директоры Колетт Хиллер.

Қазіргі кезде мұндай функция Букингем сарайының алдында орнатылған Виктория Ханшайымның, Бейкер Стриттегі Шерлок Холмстың, Британия кітапханасының алдындағы Исаак Ньютонның, сонымен қатар, қиял-ғажайып ертегі кейіпкерлері Питер Пэн, Дик Уиттингтонның мысығы сияқты екі қаланың біраз ескерткіштерінде қосылған.

Виктория Ханшайым өз әңгімесін: «Мына ақылға қонбайтын машинамен хабарласқаныңа рақмет. Күні бойы қолымдағы ауыр шар мен аса таяқты ұстап отырып, шаршап кеттім», – деп бастайды.

Әзірге 35 мүсінге орнатылған технологияны жоба авторлары Лондон мен Манчестерден бөлек, басқа қалаларда да қолданғымыз дейді. 

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: thesundaytimes.co.uk, talkingstatues.co.uk

Y. Smaghul