Қонақ үйдегі жасырын камераны қалай байқауға болады?

Қонақ үйдегі жасырын камераны қалай байқауға болады?

Кейде саяхат, жұмыс сапары немесе өзге де мақсатпен алыс-жуыққа аттанып кетеміз. Барған жерімізден қонақ үй немесе жалдамалы пәтерде уақытша тұруға тура келеді. Осы уақытша тұрғын үйде өзіңізді еркін, қауіпсіз, алаңсыз сезінесіз. Бірақ, қара ниетті кей адамдар бөлмелерге жасырын бақылау камерасын орнатып қоюы мүмкін. Ендеше, осы жасырын бақылау камерасын қалай байқауға болады?

Алдымен, шырақты сөндіріп, терезе перделерінің бәрін жауып бөлме ішін қараңғы күйге келтіргеннен кейін, смартфонның фотокамерасын ашамыз. Камераны ашқаннан кейін экраннан бөлменің барлық жерін қарап шығу ләзім. Егер бөлменің белгілі бір жерінен қызыл немесе жасыл ноқат пайда болса, дәл сол жерде жасырын камера орнатулы тұр деген сөз. Бұл функция тек iPhon 5 нұсқаларында ғана жоқ. Одан басқа барлық смартфондарда бар.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: cool-mania.ru

M. Auelkhan