Тынық мұхитындағы романтика

Тынық мұхитындағы романтика

Романтикаға барлық жерде орын бар. Ол мұхит құшағында да өмір сүреді. Сенбесеңіз, Тынық мұхитындағы ең романтикалық жерлермен таныс болыңыз.

1. Тахаа, Француздық Полинезия


Дәл осы жерде сіздің достарыңыздың ешбірі де болмаған шығар. Сіз алғашқысы боласыз. Көрші жатқан Бора-Бора да, Таити да Тахааның сұлулығымен бақталаса алмайды. Бұл аймақтың басты ерекшелігі әлемге кең танылмағандығында жатыр. Жалғыз қалғыңыз келсе, таптырмайтын орын дер едік.

2. Коромандел, Солтүстік арал, Жаңа Зеландия


Жетпісінші жылдары Коромандел жартылай аралы сәнқойлықты құп көретін. Ал қазір экотуризмнің "меккесіне" айналып отыр. Табиғат сүйер жандарды қашанда асыға күтеді.

3. Тоген аралдары, Индонезия


Жанартаудың атқылауынан пайда болған 56 аралдан тұратын архипелаг сізді қалайша бей-жай қалдыра алады? Барлық тамаша көрініс ұлттық саябақтың ауданына шоғырландырылған. Ал ондағы балықтар мен жануарлардың, өсімдіктердің алуан түрлілігі адамды өзіне еріксіз баурайды. Тоген аралдарынан бөртегүлдердің (сирень) заманауи түрлерін кезіктіре аласыз.

4. Кондао аралдары, Вьетнам


Дайвингті сүйсеңіз, артық ойланудың еш қажеті жоқ. Бұл жердегі дайвинг Вьетнамда ғана емес, планетадағы ең үздік саналады. Жаңадан дайвингпен айналысып жүргендерге тәуекел етуге кеңес бермес едік. Тәжірибе жинақтап қана қоймай, вьетнамдық қайықтарға мініп алып, судың айналасын бүге-шүгесіне дейін тексеріп алмасаңыз болмайды.

Ұлы Мұхит Жолы, Виктория, Аустралия


Аустралияның ең романтикалық, ең сұлу жағалаулары осы Ұлы Мұхит Жолының етегінде орналасқан. Бұл жағалауда жүріп алаңсыз демаласыз, армандайсыз, болашаққа жоспар құрасыз. Бастысы – жаныңызда қол ұстасып жүретін сүйіктіңіздің болғаны...

Сурет: vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева