- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Қытай ғаламторын дүр...
Қытай ғаламторын дүр сілкіндірген ұры
Дүкенге ұрлыққа түскен әйелді дүкен қожайыны ұстап алып, оның мойнына "Мен ұрымын, өз обалым – өзіме!" деген жазу жазылған парақ іліп, суретке түсіріп, ғаламторға жариялап жіберген.
Дүкен иесі мұнымен қоймай ұрыны жүгіндіріп отырғызған, өзіне бас ұрғызған сәттердің бәрін суретке түсіріп, әлеуметтік желіге шығарған.
Сурет ғаламтор бетіне шығысымен қолданушылар арасында қызу талқыға түсіп, біреулер жақтаса, біреулер: "Ұры болса да ол адам, неге оның адамдық арын таптайды" деген пікірде болған. Тағы бір қолданушы: "Кім жетіскенінен ұры болады дейсің, оның да бір қиыншылығы болған шығар" десе, енді бірі: "Бала-шағасының алдында қалай бас көтеріп жүрер екен?" деп пікір қалдырған.
Соңғы уақытта қазақ қоғамында да ғаламторға жарық көрген белгілі бір сурет немесе видеоға байланысты қоғамдық пікірдің қалыптасу үрдісі пайда болды. Тіпті кейбір адамдар қолданушыларды қоғамдық пікір қалыптастыруға итермелейтін жалған ақпарат таратып, беделді тұлғалар мен адамдардың атақ-абыройына кір келтіруде. Сіз қалай ойлайсыз?
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: zjol.com.cn
M. Auelkhan