Әлемдегі ең үлкен домбыра жасалды

Әлемдегі ең үлкен домбыра жасалды

Қытайдағы қандастарымыз әлемдегі ең алып домбыраны жасады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚХР Құлжа ауданында тұратын ағайынды домбыра жасау шеберлері Бақытнұр Аренғазыұлы мен інісі Бақыткелді Аренғазыұлы ұзындығы 7,5 метр, шанағының кеңдігі 1,8 метр келетін алып домбыраны жасап шыққан. Ағайынды Аренғазыұлдары қазақтың домбырасын жасаудан Қытай еліне танымал азаматтар екен.

Оларға "Қазақтың ұлттық мәдениетінің мұрагерлері" деген атақ та берілген. Алыс-жақынға танымал Абай және Жамбыл домбыраларын ойып жасаудың шеберлері "Қос домбыралы шаңырақ", "Қондырғылы домбыра" өнер туындылары Қытай мемлекетінің ең үздік туристік музыка кәдесыйы болып бағаланған. Бұл алып домбыра Қытайдағы қазақтар жиі қоныстанған Іле қазақ автономиялы облысының құрылғанына 60 жыл толуына орай дүниеге келген.

Алып домбыра алдында "Қара жорға" билеген жас бүлдіршіндер:

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: kazakh.people.com.cn

M. Auelkhan