Бразилия туралы қызықты деректер

Бразилия туралы қызықты деректер

Қазіргі таңда футбол сүйер қауымның төрт көзі Бразилия елінде. Осыған орай сіздерге Бразилия халқы мен мемлекеті туралы қызықты деректерді ұсынамыз.

  • Бразилия халқының әр адамға шаққандағы жылдық табысы 11 мың долларға тең.
  • Елдің жалпы жер аумағы 3 миллион 875 мың 926 шаршы шақырымды қамтиды. Бұған  2,5 Үндістан мемлекеті сыйып кете алады (1 миллион 269 мың 350 шаршы шақырым).
  • Бразилиялық балалар партада орташа есеппен 7 жыл уақытын өткізеді.
  • Бразилия косметиканы қолдану бойынша әлемде үшінші орынды алады. Мамандар халықтың косметикаға жылына  43 миллиард доллар қаржы жұмсайтынын есептеген. Жеке гигиена, парфюмерия, косметика секілді керек жарақтар шығаратын қазіргі кезде 1367 компания жұмыс істейді.

  • Бразилия елінде бүкіл дүниежүзінің апельсинінің 50%-ы, ал қанттың 20%-ы шығарылады.
  • Мемлекетте бюрократия деңгейі былайша суреттеледі: құрылыс ғимаратын соғуға рұқсат қағазын алу үшін бір жыл төңірегінде күтуге тура келеді. ( Мәселен, ол Мексика елінде 82 күнді алады).
  • Әлемдегі кофе өндірісінің үштен бір бөлігі осы елге тиесілі.
  • Сиыр етін саудалаудан бірінші орынды иеленеді.
  • «Қылмысты астаналар» рейтингісінде отыздықтың он бірінші тізбегінде орналасқан.
  • Футбол Бразилия жерінде нөмірі бірінші спорт түрі болып саналмағанымен,  Бразилия футбол тарихында бес мәрте әлем чемпионы атағын жеңіп алған: 1958, 1962, 1970, 1994, 2002.

Оқи отырыңыз:

Бразилия – ұлы мүмкіндіктер елі

Бразилия жаңа стадионын таныстырды 

Ермұхамед Мәулен: «Бразилияға бару бақыты бұйырды»

ӘЧ-2014. Бразилия фанаттары Германияға жанкүйерлік еткен

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмахаұлы

Сурет: euroclasstour.ru,oformi.net

Н. Нұрмаханұлы