- Негізгі бет
- Сән
- Lady Dior сөмкесі...
Lady Dior сөмкесі – мәңгілік классика
Әр маусым сайын дизайнерлер жүздеген эксклюзивті заттар шығарады, алайда олардың бірегейі ғана тарихта қалып, өміршең болады. Принцесса Диананың арқасында Lady Dior сөмкесі ерекшеленіп, танымал адамдардың ажырамас аксессуарына айналды.
Lady Dior сөмкесі 1990 жылдардың ортасында Dior Үйін Джанфранко Ферре басқарып тұрғанда пайда болды. Сөмкенің аңызға айналуы Францияның бірінші ханымы Бернадетт Ширактың Dior моделін сатып алуынан басталды.
Бірақ сөмкеге танымалдылықты басқа иегер – Диана ханым әкелді. Сөмкенің атына да оның есімі тағайындалған. Бұл басынан солай ойластырылған дүние ме, әлде жай ғана екі атаудың ұқсастығынан туындаған аңыз ба, ол белгісіз.
Қалай болғанда да, аты аңызға айналған Диана ханшайым сәнді аксессуарды танымал етіп, астамдық пен биік талғам символына айналған бұл модельді тарихқа енгізді.
Аңыз-сөмке барынша қолайлы. Lady Dior-дың дизайны көп өзгеріске ұшырамай келеді – бұл дәстүрлі төртбұрышты форма, бет жағы сырма келген, екі кішкентай тұтқа немесе шынжыр. Жалғыз әшекей – металл салпыншақ: үлкен әріптермен D, I, O, R әріптері. Бірақ сонда да сөмке сәулетті көрінеді және «Ханым» атауына сай.
Сөмкенің көбіне қара, ақ, қызғылт және қызыл түстілері сұранысқа ие. Бірақ нарықта небір түрлі түстері кездеседі. Ал сөмкенің өзін қолтырауын терісінен, тегіс, лакталған маталардан тігілген түрлері де көп.
Әлем бойынша сәнқой қыздар сөмкені нәзік көйлектермен, былғары кеудешемен, макси-белдемшелермен, деним маталы жейделермен де үйлестіріп кие береді. Қазірде Lady Dior-дың сәнді шеңбері кеңейе түсті, өйткені классика – өміршең.
Бастапқыда сөмке елдің бірінші ханымдары мен танымал адамдарға ғана қолжетімді болған. Кейін Dior Үйі бірнеше модельдерін ұсынып, қазірде бұл сөмкелерді 800 – 3000$ аралығында сатып алуға болады.
Суреттер: http://butikonline.com.ua, http://bit.ua
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina