- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматыдағы қыс патшалығы...
Алматыдағы қыс патшалығы
Қылышын сүйретіп келген Қыс патша... Қуарған ағаштар, жалаңаш орман, көк мұздың астында ыңырсып жатқан өзендер... Аппақ қар мен ақ сұр бұлттың астында іштей егіліп тұрған биік-биік таулар... Ақ тонды айқара жамылып өлі ұйқының құшағына енген қыраттар... Бұл әрине, қазақтың кең даласының дәл қазіргі күйі. Ал қаласы ше? Сұрағымызға қазақтың ерке қаласы, Алатаудың жалғыз қызы - Алматыдағы қыстың жағдайымен таныстыру арқылы жауап беріп көрмекпіз. Бізбен бірге болыңыз.
Алматыға Қыс келін жетіпті лағылдан артық ақ мамық тоңын жамылған...
Жасыл желек орман қайда баяғы!?
Қар қандай!
Қарып көзді шағылады...
Үн жоқ суыққа тоңған алматылық кептерлерде...
Мыңдаған алматылық тұрғындардың ізі қалған жалғыз аяқ жолдар жақсыны да, жаманды да жатырқаған емес...
Мәз болып жас баладай айналаға
Қарайды әр бұтадан күн жылтырап...
Ақ көрпеге оранған ару қала...
Батысқа батып бара жатқан күн көзін қимай-қимай шығарып салып тұрған ақ көйлекті қайыңдар...
Аппақ дүние... Аппақ қар... Аппақ әлем...
Қалыпты қарауылда жыңғыл, бұтақ,
Іліп ап ақ мамықтан бір-бір тұмақ(Ф.Оңғарсынова).
Қыссүйгіш ағайынды бір ортаға жинастырудан шаршамаға мұз айдындар...
Бұл қалада ақ тоңын кимеген шыршалар ғана... Дірілдеп тұр...
Қаһарына мінген қыс патшаның озбырлығы саябақта қол ұстасып қыдырып жүрген ғашықтарға әсер еткен емес.
Сіз бен біз ғана емес жетімсіреген "Көктем жағалауы" да көгілдір көктемді сағынып жүр.
Мұзға қатып дәуренім,
Кәрі қысты тұр-тұрлап,
Оята алмай әуремін... (О. Тұржан)
Ақ төсін жайып салып жатыр дала...
Ақ жібек көйлегі желбіреген қала тұр назданып тіл қатпай...
Ақ түтегі түтілген түбіттейін...
Алматының дем алысы да өзінше бір үскірік...
Жамылып ақ көрпесін енді ғана
Маужырап байтақ дала тыныстаған...
Сізге деген аппақ қардай ақ махаббатпен:
Суретке түсірген және дайындаған: Айгерім Сматуллаева