Конституция күні құтты болсын!

Конституция күні құтты болсын!

Бүгін тәуелсіздіктің төлқұжаты іспетті Конституциямыздың мейрамы. Бұл күнді еліміздің әр облысы, әр аймағы атап өтіп, тәуелсіздік үшін тағы да бір рет тәубе етеді. 

Елімізде атаулы күнге орай қазақстандықтар 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері демалады. Қай елдің болмасын, тұрмыс-тіршілікті реттейтін заңы бар. Қазақ елі өз отауын тіккелі елдің берекесі мен бірлігін сақтайтын заңдар жазған.

Тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі егемендігіміздің тірегі болған Ата Заңымыз сіз бен біздің құқығымызды қорғап, тең өмір сүруімізді қамтамасыз етеді. Massaget.kz елімізді осы бір айтулы мерекемен құттықтап, көк туымыз көктен түспей, Конституциямыз өміршең болсын деген тілек айтады.

Massaget.kz ұжымы

А. Құлтай