Ұлытау – туристік аймақтарға толы өңір (Видео)

Ұлытау – туристік аймақтарға толы өңір (Видео)

"Ұлытау туристерге тартымды, ал халқымызға тәу ететін мекен болып қала береді" – деп елбасымыз айтқандай, бұрынғы уақытта қазақ халқының саяси орталығы болған өңірде туризмді дамыту алға қойылып отыр.

Осыдан бірнеше күн бұрын өз мәресіне жеткен "Ұлытау" экспедициясы осы жобалардың бастауы болатын. Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамы бастауымен ұйымдастырылған экспедиция құрамында болған географ және картограф мамандар зерттеу жұмыстарының нәтижесінде табиғатына қарасаң көзің тоймайтын Ұлытау өңірі әрбір туристің көңілінен шығарына толық сенімдерін білдіріп отыр.

Арнайы Massaget.kz үшін: Жолдас Өрісбаев

Сурет: ©Massaget.kz

Ж. Өрісбай