«Ұлытау» археологиялық экспедициясы жолға шықты

«Ұлытау» археологиялық экспедициясы жолға шықты

Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамының бастауымен Қарағандының археологиялық орталықтары мен кесенелерін зерттеу мақсатында ұйымдастырылған «Ұлытау» экспедициясы жолға шықты, деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Бұл – тарихи мекендерді қайта толық көлемде зерттеп, жаңа ғылыми-рестоврациялық жобаларды іске асыру мақсатында жолға шыққан Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамының алғашқы экспедицияларының бірі. Белгілі жоспарланған бағытпен шыққан ғылыми-танымдық экспедиция Едіге есімін алған таудың төбесінде жерленген Едіге, Тоқтамыс және өзге де тарихи тұлғалардың кесенелеріне баратын болады.

Экспедиция құрамының жетекшісі – Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамының ғылыми жобалар бойынша аға менеджері Сәулет Сәкенов. Жалпы экспедиция құрамында 27 қатысушы бар. Олардың ішінде географ, геоботаник, тілшілер мен операторлар тобы бар.

Сонымен қатар, негізгі мақсаттардың бірі жаңа археологиялық ошақтарды табу болып табылады. Ұлытаудың солтүстігіне 35 км қашықтықта орналасқан «Хан ордасы» тарихи мекеніндегі «Ұлытау» мұражайының археологиялық зерттеу жұмыстарына қатысатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған экспедиция тамыздың 22-іне дейін жалғасын табады. 

Автор: Жолдас Өрісбаев

Сурет: Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамы

М. Оңғарова