- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қазақтың қандай салт-дәстүрлері...
Қазақтың қандай салт-дәстүрлері қазір өз күшінде?
Салт-дәстүр – халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, рухани байлығы, ата-баба мұрасы. Сіздердің назарларыңызға қазақ салт-дәстүрлер топтамасы беріліп отыр.
1. Абысын асы – абысындардың бас қосып көңіл көтеруі, дастархан жасап, шай ішуі.
2. Асату – үлкен кісілердің балаларға табақтан ет асатуы.
3. Айырылысар көше – тату көршілердің, ағайындардың ірге көтергенде беретін сый-тамағы.
4. Бастаңғы – әке-шешелері сапарға шығып кеткенде үйдегі жастардың дәмді тағамдар дайындап бас қосу салты.
5. Байлау – тауып алған затты біреуге сыйлау.
6. Биебау – бие алғаш байланғанда жасалатын салт.
7. Біз шаншар – құдалық дәстүр.
8. Жасау – ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік.
9. Наурыз көже – Наурыз мерекесінде әзірленетін, міндетті дәстүрлі тамақтар.
10. Көгентүп, көгендік – балаға малдан, төлден берілетін ескерткіш, сый.
11. Киіт – құдаларға берілетін киім, бұйым, кәде.
12. Кеусен – егіншілердің өнімдерін ауылдастарына, ағайындарына беретін үлесі.
13. Келі түбі – тары түйгенде берілетін үлес (кәде).
14. Көгентой – құлын, бұзау, қозы-лақ, алғаш байланғанда, көгенделгенде берілетін дәм.
15. Белкөтерер – қарт кісілерге, аурудан сауығып кеткендерге арнап әзірленетін қуатты, дәмді тағамдар.
16. Қалжа – жас босанған әйелдерге берілетін сый-тағам.
17. Құйрық-бауыр – құдаларға берілетін салт табағы.
18. Қазан шегелеу – қонақ болуды меңзейтін сөз/дәстүр.
19. Қарашаңырақ – үлкен үй, қасиетті деген ұғым. Ата-бабадан қалған үйді «қарашаңырақ» дейді.
20. Қонақасы – қонаққа берілетін тағам.
21. Қамшы тастау– «сөз сұраймын» деген белгі.
22. Қой басты – киіз басқанда жасалатын дәстүр. Осыған арнап тағам дайындалады.
23. Тулаш шашу – жүн сабағанда түткенде жасалатын рәсім.
24. Туырлық тілу – кекті, өшті адамдардың қарсыластарының туырлығын тіліп күш көрсетеді.
25. Тымаққа салу – шала туған балаларды тымаққа салып өсіретін, бағатын халық дәстүрі.
26. Тұсаукесер – жаңа аяқтанған балаға тез әрі сүрінбей жүріп кетуі үшін жасалатын дәстүр.
27. Тоқымқағар – жас бала алғаш сапарға шыққанда жасалатын салт, дастархан жаю.
28. Қымызмұрындық – алғашқы қымызды ауыл адамдарын шақыртып беретін салт.
29. Түйемұрындық – ұзатылып келе жатқан келіншек көшінен алынатын кәде.
30. Сірә мөлдірете/сірге жияр – бие ағытылған соң соңғы қымыздан ауыз тигізу дәстүрі.
31. Сауын салу – малы жоқ адамдардың ағайындарының уақытша сауынға бие, сиыр алып саууы.
32. Ұйқыашар – Наурыз секілді мерекелерде жастардың түнде ұйықтамауы үшін әзірленетін тағамы.
33. Шаңырақтүйе – ұзатылып келе жатқан қыздың көлігі.
34. Шидере сигізу – еркек балалар малсақ, шаруаға икемді болсын деп жасалатын дәстүр.
35. Шашыратқы – мал күйекке түскенде «төл көп болсын» деп жасалатын дәстүрлі тамақ.
Осы салт-дәстүрлердің қайсысы жақсы сақталған деп ойлайсыздар?
Оқи отырыңыз:
Әлем елдерінің үйлену салттары
Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдары
Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар
Айдар, кекіл, тұлым қою: қайта жаңғырған салт-дәстүрлер
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: til.gov.kz,www.fergananews.com,mtdi.kz, aspazdik.wordpress.com
Н. Нұрмаханұлы