Тарих астанасы –Тараз!

Тарих астанасы –Тараз!

Тараз – Талас өзені бойында созылып жатқан тарихи қала. Ол  V ғасырға дейін салынған. Алғашқы рет 568 жылы византиялық елші Земарх Тараз қаласы туралы некен-саяқ мәліметтер берген. Бірнеше онжылдықтан кейін 630 жылы ол туралы Қытай саяхатшысы Сю-ань-Цзан хабарлайды. Таразды Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан маңызды сауда орталығы деп атайды. 2000 мың жылдық тарихы бар Тараз қаласы туралы ақпараттар ағымы бір сәтке де тоқтамаған.

Тараз қаласы туралы кім не демеген? Мысалы, X ғасырдағы араб географы Әл-Макдиси былай деп жазды: “Тараз – бақтары қыруар көп, халық тығыз қоныстанған, орлары, төрт қақпасы мен адамдары мекендеген қамалы бар үлкен бекіністі қала. Екінші мединада үлкен өзен, оның ар жағында шаһардың бір бөлігі, оның  үстінен  өтетін көпір бар. Базар ортасында мешіт үйі тұр”. Ал Асанқайғы бабамыз: "Таяқ тастасаң тал болып көктейтін"- деген мекен осы. Рудаки, Сағди, Жәми, Фирдоуси, Омар Хайям сынды Шығыс күміс көмейлері жырлайтындай, «Мөп-мөлдір көздің қарасын Тараздан ғана табасың». Ежелден ескірмей, бүгінге жеткен даналардың сөзі Тараздың кіреберіс қақпасына  мығымдалып, оюмен жазылған.

Тараз қаласы 1856 жылдан бастап Әулиеата атауын иемденіп жүрген болатын. 1936 жылы Мирзоян аты қойылды. Ал 1938 жылы жыр алыбы, суырып салма ақын атамыз Жамбыл Жабаевтың есiмi берілген. Қазақстан Республикасының Президентi 1997 жылы 8 қаңтарда тамыры тым тереңде жатқан көне қалаға ежелгі аты Тараз атауын қайтарды.

Қойнауы толы қазына, Қарахан баба, Айша бибі, Бабаджа Қатын, Шығыс моншасы, т.с.с. XII-IX ғасырлық көне ескерткіштерге бай.

 

Тараз қаласына "Қазақ жері тарихының астанасы" атауын не үшін беріп отырғанымызды түсінген боларсыздар. Әрине, өзге қалалар да тарихқа кенде емес, алайда көне шалқар қаламыздың көнелілігін ескергеніміз жөн болар. Төменде сол себептен болу керек, қазақ жұрты қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп жүргендіктен, Kazakh TV телеканалы "Discovering Kazakhstan" (Қазақстанды таныту) атты деректі фильмін Тараз қаласынан бастаған. Қосымша мағлұматтарды осы видео арқылы көріп, біле аласыздар. Деректі фильм үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Оқи отырыңыз:

Тараз және руханият

Қазақстанның ең ежелгі қаласы

Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмыстары

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: ortcom.kz,yvision.kz

Н. Нұрмаханұлы