Нұрсұлтан Назарбаевтың Анкарадағы ескерткіші (Фото)

Нұрсұлтан Назарбаевтың Анкарадағы ескерткіші (Фото)

Түркияның астанасында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ескертіші 2010 жылы бой көтерді.

Анкарадағы ескерткіш осы елдің президенті Абдулла Гүлдің бастамасымен тұрғызылды. Түркия басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі әлеміне қосқан ерен еңбегін жоғары бағалап, осындай бастама көтерген болатын. Бұл ескерткіш – Түркия жерінде шет елдік президентке арналып тұрғызылған тұңғыш ескерткіш.

Жалпы биіктігі бес метр болатын мүсін екі жарым метрлік мәрмәр тұғырға орнатылған. Авторы – түркі әлеміне танымал мүсінші Гюрсель Чаталтепе.

Елбасының ескерткіші «Генчлик» атты орталық саябақтың жанында орналасқан. 

Анкара қаласы Түркияның курорттық қалаларының қатарына жатады. Сол себепті, қазақ елі басшысының ескерткішін жылына миллиондаған турист көріп тамашалап кетеді.

Дайындаған және суретке түсірген: Шерхан Талапұлы

Ш. Талап