- Негізгі бет
- 9 МАМЫР 2013
- 9 мамыр. Партизан-жазушы...
9 мамыр. Партизан-жазушы - Қасым Қайсенов
Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, партизан-жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, халқымыздың біртуар перзенті – Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген.
Он жеті жасында (1934) Өскеменде саяси-ағарту техникумына түседі және 1937 Асыл әжемізбен отбасын құрған. Техникумды бітірген соң Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүрген кезде, әскерге шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберілді.
1941 жылдың қараша айында Оңтүстік-Батыс майданның штабына аттандырылып, басқыншылар қолында қалған Украина жерін азат ету үшін жау тылына түсіріледі. Қайсенов атамыз сол жерде Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядының басқарушысы болады. Бұдан кейін, 1944 жылдың соңына дейін Чехославакия (қазіргі Чехия), Румыния, Молдавия елдеріндегі партизан қозғалыстарына қатысты.
Соғыс аяқталған жылдардан соң бейбіт еңбекке араласып, Қазақстан Жазушылар одағында, баспа мекемелерінде қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің ерлігін суреттейтін «Жас партизандар» (1954), «Ажал аузында» (1959), «Жау тылындағы бала» (1961), «Жау тылында» (1973) секілді көптеген шығармалардың авторы.
2006 жылдың 30 желтоқсан күні 89 жасқа келген қазақтың ержүрек батыры ауыр науқастан көз жұмды.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: tonykok.kz, tieba.baidu.com, pisatelivko.narod.ru
А. Әбілхан