- Негізгі бет
- 9 МАМЫР 2013
- 9 мамыр. ҰОС...
9 мамыр. ҰОС кезіндегі танымал қарулар
Судаев пистолет-пулеметі (ППС-43)
1943 жылдан бастап, Қызыл армия ППС-43 деп аталатын Судаев пистолет-пулеметтерімен қамсыздандырылып тұрды. Жаңа, біршама жетілдірілген қару сол кезде Қызыл армияның негізгі атқыштар қару-жарағы болған және соғыс аяқталғанша солай болып қала берген (ППШ 1945 жылға дейін шығарылды) Шпагин пистолет-пулеметтерін (ППШ) бірте-бірте алмастыра бастады.
Шпагин пистолет-пулеметтері өзінің ерекше сипаттамасына қарамастан, едәуір ауыр әрі қолайсыз болды, ал барлаушыларға, десантшыларға, соғыс машинасы экипаждарына техникалық сипаттамасы жағынан біршама жеңіл және шағын қару-жарақ қажет болды. Нәтижесінде 1942 жылы ұйымдастырылған байқаудан соң, Алексей Судаев ұсынған үлгі үздік деп танылып, сол жылдың аяғында Қызыл Армия қарулары қатарына енгізілді. Азғантай кемшіліктерді жойғаннан кейін, ППС Ленинградтағы Сестрорецк қару-жарақ зауытында жаппай шығарыла бастады.
1942-1951 жылдар аралығында КСРО-да Судаев пистолет-пулеметтерінің жарты миллион данасы шығарылды. Кеңес Одағынан бөлек, ППС Польшада, Солтүстік Кореяда, Қытайда және Финляндияда жасалынды.
Қару-жарақ саласындағы көптеген мамандар Судаев пистолет-пулеметінің 1943 жылғы үлгісін Екінші Дүниежүзілік Соғысындағы ең үздік пистолет-пулемет деп есептейді. ППС сонымен қатар, Корея және Қытай соғысында белсенді түрде қолданылды.
ТТ пистолеті (Тульский Токарев)
Контрукциясының қарапайымдылығы, жоғары қирату күші (бронежилетті тесіп өте алатын санаулы пистолеттердің бірі), шаппасының жеңілдігі, ықшамдылығы және ату дәлдігі үшін ҰОС кездерінде Қызыл Армия әскерлерінің сүйікті ұаруына айналған 7,62 калибрлі ТТ тапаншасын («Тульский Токарев») 1930 жылы Федор Васильевич Токарев жасап шықты.
«Тульский Токарев» КСРО-да 1952 жылға дейін шығарылып келді. Аталған пистолетті шығару лицензиясы Польша, Румыния, Югославия, Венгрия, Қытай және Солтүстік Корея елдеріне сатылды.
"Катюша"
Қызыл Армия әскерлері арасында «Катюша» ретінде танылған БМ-13 дүркін атыс жүйесі Т-34 танкі, Ил-2 штурмовигімен қатар Ұлы Отан соғысында танымал совет брендіне айналды. Жаудың айтып жеткізуге болмайтын үрейін тудырған БМ-13, 1941 жылы әскер қаруына қосылып, 14 шілде күні 15 сағат 15 минутта алғаш рет қолданылды.
Мамандардың есептеуінше, «Катюша» марштағы қарсыластың жанды күшін түпкілікті жоюы үшін 1 гектарға 4-5 снаряд, қазып бекінген жанды күшті жоюы 1 гектарға 6-8 снаряд, күшейтілген позицияда орналасқан жанды күш пен атыс бірліктерін жоюы үшін 1 гектарға 30-40 снаряд қажет.
Неміс контрукторлары БМ-13-тің аналогын соғыс аяқталғанға дейін жаса шығуға тырысып бақты бірақ, қанша тырысқанымен жүзеге асырмаған. Соғыс аяқталған жылдары «Катюша» негізінде аты аңызға айналған «Град» дүркін атыс жүйелері жасалынды. Кейінірек, олар тағы да дамытылып «Смерчке» сонымен қатар, «Торнадо» жүйесіне айналды. Айта кетсек, бүгінге дейін әлемде бұлардың ешқандай аналогы жоқ.
Шпагин пистолет-пулеметі (ППШ)
Қызыл Армияның Ұлы Отан соғысы кезінде жаппай қолданған атқыш қаруы атақты Шпагин пистолет-пулеметі болып есептеледі. Ол 1940 жылдың соңғы күндері әскер қаруына енгізілді.
Қаруды құрастыру оңайлығы соғыс жылдары өзінің септігін тигізді. ППШ өз уақытысындағы шетелдік аналогтарын айтарлықтай асып түсті: советтік пистолет-пулемет оғының желді жылдамдығы 490м/с-ты құрады. ППШ-ның мықты жағын айтар болсақ, қару қорабының үлкен көлемді, шапшаң атылғыш (минутына 900 атыс), өте берік, өндіруде оңай және арзан болуы.
Соғыс жылдары контруктор әскери қолданыста жиналған тәжірибені ескере отырып, маңызды модернизация жасап шықты. Нәтижесінде қарудың техникалық сипаттамасы едәуір жақсарды.
1951 жылы ППШ әскер қарулары қатарынан шығарылып, оның орнын автомат Калашников басты. ПП шетелдерде де шығарылды. Атап айтсақ, Қытай, Венгрия, Солтүстік Корея. Сонымен қатар, Кроея және Вьетнам соғыстарында да жаппай қолданылды. Ал кейбір Африка елдері мен Афганистанда Шпагинннің туындысы әлі күнге дейін қолданыста жүр.
Георгий Семенович Шпагин өзінің еңбегі үшін екі рет Сталиндік сыйлықпен марапатталған.
Т-34 танкі
Т-34 танкі Калашников автоматымен бірге бұрыннан бері 20 ғасырдың брендіне айналған. Соғыс жылдары және ол аяқталғаннан соң да танктің әскери қолданысы тарихы көптеген аңыздармен, сыбыстармен және жорамалдармен толды.
Т-34 танктері 1940 жылдан бастап жаппай шығарыла бастады. Соғыс жылдары танк соғыстарының данышпандары Гудериан және басқа неміс генералдарынан көптеген мақтау сөз алған Кеңес Одағының танкі көшірме объектісіне айналды – оның негізінде неміс конструкторлары өздерінің атақты «Пантерасын» жасап шықты.
Т-34 әр уақытта әлемнің 45 елінің армия қаруының қатарына енгізілді. Оған негізделіп көптеген танктер мен өзі жүретін қондырғылар жасалды.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: zil157.ru
А. Әбілхан