Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Махаббат хикаясы: Бала махаббат

Махаббат хикаясы: Бала махаббат

Махаббат хикаясы: Бала махаббат

8 наурыз кезіндегі қызықты оқиғалар жетіп артылады. Соның бірі, балалық шақтағы, мектептегі алғаусыз ақкөңілмен, еркелікпен болған сәттер. Мектепте оқып жүргенде менің Айдар деген досым болатын. Адам баласымен араласпай жүретін сол жігіт менімен ғана сөйлесуші еді. Күлдірем деп жылатып, жылатам деп күлдіріп алатын сәттері көп болатын...

...Айдар азаннан бері алаңсыз күйде. Себеп – бүгін 8 наурыз. Қайтерін білмей әбден басы қатып жүр. Оның үстіне кейінгі кездегі өз басының кей жағдайлары біраз әуреге түсірген. Солармен арпалыса жүріп, мерекенің  де келгенін байқамапты. Әрі-сәрі сенделген күйде жүріп, кешті батырды.

Түн. Қара түнек көмкерген аспанда әр жер-әр жерден екі-үш қана жұлдыздың жылт еткені болмаса, ай сәулесінің жұлдыз құрлы да жарқылы көрінбейді. Айнала да меңіреу күйде. 60-70 шақты тамы бар әжептәуір ауыл болғанымен де бүгінгі мерекеден ешбір тіршілік байқалмайды. Айдар Алмажанмен күндегі кездесу орнында жүздеспек боп келіскен. Ілбіп-басып сол орынға қарай аяңдап келеді. Әдеттегідей Алмажан оны тосып тұр екен. Айдар жақындай келе оның бетінен сүйді де, көңілсіздеу ғана:

- Сәлем. Ал, мейрамыңмен! –деді баяу.

- Сәле-е-ем, рақмет жаным! – деген Алмажанның ойында түк жоқ, әдеттегідей көңілді күйін сақтап тұр. Сонан соң аңғарды, Айдардың қабағы түсіңкі.

- Жаным, саған не болды? – деді еркелей.

- Жоға, еш...

- Бірдеңенің  болғаны анық. Айтсаңшы...

- Жоқ дедім ғой.

- Бір-бірімізден ештеңе жасырмаймыз деп келісіп ек қой...

- Алма, шынымды айтсам... біз...

- Иә???

- Біз... біздің... екеуміздің осымен кездеспегеніміз дұрыс болады. Мұнан былай бір-бірімізді танымаймыз. Бітті! – деді де Айдар келген жолымен тез-тез басып кете барды.

- Неге? Не үшін? – деген Алмажанның еңірей жылағанына да қараған жоқ.

...Ештеңенің де мәнісіне түсінбей, әбден жылаған күйі Алмажан көшеде келеді. Еңкілдеп жылап келеді. Бір мезет аяғының астындағы қызыл розаға көзі түсті. Алға бір қадам басты, тағы да қызыл роза. Алға қарай жүре басқан сайын қызыл роза аяғын шала берді. Жүре-жүре өз үйінің тұсына келгенде үлкен бумадағы қып-қызыл розаны құшқан күйі:

- Алмашым! Сен шынымен де сеніп қалдың ба? Мен сені сүйемін! – деген Айдарға  не деп жауап берерін білмеді...

Сурет: romantic-advice.ru

402 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 06 наурыз 2012, 23:00
Пікірлер
+0
07 наурыз 2012, 00:20

әдемі....сол бір бала махаббат па...
Маған сыныптасым өз сезімін білдірді, ол да тұйық, ешкімге тіс жармайтын жан еді....менімен ашық жарқын....себебін түсінбейтінмін...түсіндірді ғой....аяп кеттім...маған мектеп партасынан бері ғашық екен, алғашқы махаббаты екенмін....мен үшін ғана мектепке келетін........Ол сүйкімді, сымбатты, ақкөңіл, ақылды, бірақ жүрекке әмір жүрмейді....
әттең, мен де солай жан-тәніммен жақсы көрсем ғой....жауапсыз қалдырмасам ғой....амал нешік, сүймеймін оны...өтірік сыңай танытқым келмейді...Тек дос болғанын қалаймын, ал ол мүлдем қаламайды....не істесем болады???? сұмдық-ай...........

+0
07 наурыз 2012, 04:20

Қай-қайдағыны еске түсірді ғой

+0
07 наурыз 2012, 21:23

algawky maxabbat...jurekti terbeidi)

+0
08 наурыз 2012, 21:21

гашык болгым келеди, бирак шынымды айтсам ешкимге гашык болып кормеппин

+0
09 наурыз 2012, 15:45

Менің де балалық шағымдағы қызық оқиға есіме келді...
Сыныптас құда балам бар еді Бақытжан деген. Мені қатты ұнататын. Сабақтан қайтқанда сөмкемді үйге дейн көтерісіп(өзі ауылдың басқа басында тұрса да), мен үшін балалармен төбелесіп жүретін...) Балалық емес пе мен мән бермейтінмін. 10сыныпта оқып жүргенде 8 наурыз кешке бір букет гүлі мен сіріңкенің қорабы сияқты қорапта әтірімен келіп тұр. Мен рахметімді айтып үйге кірейн деп жатсам, қолымнан букетті жұлып алып гүлдерді санай бастады. Бір кезде маған күте тұршы деп көшенің басына жүгіре жөнелді... Көшенің басында жан құрбым сыныптасым Дана тұратын. Дананың үйіне ысқырып шақырып гүбірлеп сөйлеп жатыр. Дана өзі кішкене еркелеу мінезі бар еді, айқайлап бірдеме деп жатыр. Бір кезде басқа букетімен Бақытжан жүгіріп келді. Ренжімеші екеуіңнің букеттеріңді шатыстырып алыптым деп ентігін баса алмай тұр. Ертесінде сабаққа барарда Данаға жолдан кеттік деп кірсем, Дана маған ренжулі сөйлеспейді. Алдыма түсіп алып үндемей кетіп барады. Мен кешірім сұрасам одан сайын басын көтеріп, тіпті маған қарамайды, Сөйтіп 1 жеті сөйлемей қойған маған. Не деген шыдамы берік десеңші))) Ақыры 1 жеті өткен соң, Бақытжанның арқасынан бір ұрған соң ғана мені кешірді) Бірақ менің кінәм неде екенін түсінбедім сол күйі))))
Биыл 10 жылдыққа жиналғанда осыны есімізге түсіріп әбден күлгенбіз. Бақытжан үйленіп, 2қыз, 1 ұлы бар. Менің өз жанұям бар, ал Дана әлі тұрмысқа шықпады...

+0
10 наурыз 2012, 22:54

Балалық неткен тамаша еді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...